Деңгейлік тапсырмалар: 1. “Жеке тұлға” ұғымының мәнін түсіндіріңіз. Психология ғылымында “жеке тұлға” деген ұғымға әртүрлі түсініктер береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы ісәрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Сонымен тұлға дегеніміз, өзіндік сана қалыптастыру барысында қарым-қатынас, ісәрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні. Демек, жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет т.б. кұрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында “адам”, “индивид”, деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам, бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сұйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни, ол биологиялық мәнге ие болады. Ал, “индивид”- латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелік”. Бұл сөздің ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген кұрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні де осында. Адамның жеке қасиеттері ұмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады. Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады. Яғни, жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді.
2. Жалпы адамзаттық құндылықтарды сипаттаңыз. Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды , жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады . Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады . Оларға : шындық , қайырымдылық , тұлға , бостандық , махаббат , шығармашылық және т.б. жатады . Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып , ақыл - ой , сана арқылы қабылданады , құрметтеу , қошаметтеу , қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді . Бұл сезім мен ақыл ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс - әрекетін белгілейді
Педагогикалық сөздікте « құндылық адамның ішкі құқығы , ізгілігі , адамдармен қарым - қатынасы , іс - әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы , қайырымдылығы , мейірімділік тәрбиесі » , – делінген . Сондықтан біз « құндылық » ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір керекті , маңызды , қажетті , бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз .
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия , әлеуметтану , мәдениеттану , этика , эстетика , психология , педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып , жүйеленіп келеді ... Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады . Сократ үшін құндылық « адамның өмірді бағалауы » екен . Ал Аристотель « жақсылық » , « игілік » ұғымдарын жағымды мінез - құлықты , рухани құндылықты бейнелеуде қолданды