Жалпы қарама-қайшылық– жеке тұлғаның ойы, талап–тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық.
Жеке ерекшелік - әрбір баланың даму кезеңінде байқалатын психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері (дарындылық, қабілеттілік, темперамент, т.б.), қасиеттерінің өзгешеліктері, яғни адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі. Әркім жеке ерекшеліктері – табиғи және тіршілігінің жағдайына байланысты қалыптасады.
9.Сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтарға нелер жатады? Қарама-қайшылық — диалектикада кез келген қозғалыстың ішкі бастауын, өмір сүруінің тамырын, даму принципін бейнелейтін категория.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықгардың рөлін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский , В.И. Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама – қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко , Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді.
Сырткы жане ишки карама- қайшылықтарды мыналарды жатқызуға болады:
– коллектив мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында ;
– индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
– тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну кажеттілігі арасындағы;
– коллективтің талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
– коллективтегі пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
– окушы мен окышы арасындагы
–педагог пен оқушы арасындағы қарама- қайшылықтар