Деңгейлік тапсырмалар: “Жеке тұлға” ұғымының мәнін түсіндіріңіз


Жеке адамның дамуы дегеніміз не?



бет4/5
Дата25.05.2023
өлшемі33,97 Kb.
#97493
1   2   3   4   5
Байланысты:
Äå?ãåéë³ê òàïñûðìàëàð “Æåêå ò?ë?à” ??ûìûíû? ì?í³í ò?ñ³íä³ð³?³ç

7. Жеке адамның дамуы дегеніміз не?
Жеке адамның дамуы дегеніміз не?
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.

8.Дамудағы қозғаушы күштер не?
Тұлға дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылықтар. Ол іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарда, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттіліктен туындайды.
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет