Деңгейлік тапсырмалар: “Жеке тұлға” ұғымының мәнін түсіндіріңіз


Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар



бет3/5
Дата25.05.2023
өлшемі33,97 Kb.
#97493
1   2   3   4   5
Байланысты:
Äå?ãåéë³ê òàïñûðìàëàð “Æåêå ò?ë?à” ??ûìûíû? ì?í³í ò?ñ³íä³ð³?³ç

5. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз- өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндалақтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата- аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру. Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан- жақты қызмет- әрекетін жемісті ұйымдастырады, себебі ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
6. Тәрбие мен дамудың өзара байланыстылығын дәлелдеңіз.
Педагогикалық ғылымда тәрбие дәстүрлі тұрғыдан анықталады: ақыл- ой, мінез – құлық,адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру бағыттары қазіргі кезде құқықтық, экономикалық, экологиялық, имандылық және азаматтық тәрбиемен толықтырылады. Тәрбиелеу процесінің толық және жеке бағыты әртүрлі деңгейде іске асырылады: социумдық деңгейде, әлеуметтік институттарда, жеке әлеуметтік топтарда, жеке өзара және өзіндік тәрбиелеу деңгейінде. Тарихи жинақталған тәрбие түрлері ішкі мәдениет түрлеріне қарай дамиды. Бірінші, тарихи тәрбиелеу түрі үлкендердің балаларға арналған және негізгі міндетті, топтық мінездемесіне дәл келеді.Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады.
Жеке тұлға дамуының заңдылықтары ретінде: ішкі және сыртқы жағдайды есепке алу; іс-әрекеттегі өзін-өзі жетілдіруге байланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын іс- әрекет мазмұны мен түрткіге байланыстылығы; кұптеген факторлардың әсер етулері басшылыққа алынады.Ал, оның дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылық. Қарама-қайшылық ішкі, сыртқы және жалпы, жеке болып бөлінеді. Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі барысында туындайды. Мысалы, адам өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік потенциалына қанағаттанбауы барысында туындайтын қарама-қайшылықтар. Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен қарым-қатынас барысында туындайды. Мысалға, жоғарғы оқу орнының талаптарымен студент тілегі арасындағы қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Жалпы қарама-қайшылық - барлық адамдардың даму барысында туындайды. Яғни, материалдық, рухани қажеттіліктер мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қарама- қайшылықтар. Жеке қарама-қайшылық жеке бір адам үшін туындаған қарама-қайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде іс-әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттандырылған кезде қарама-қайшылық та жойылады. Қарама- қайшылықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама- қайшылықтар туындайды. Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы кұптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның ағзасы, қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет