1-тақырып. Кіріспе. Биология ғылым ретінде. Биологиялық зерттеу әдістері. Қазақстандық биолог- ғалымдардың биологияның дамуына қосқан үлестері. 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Жалпы биология зерттейді: а) өсімдіктер мен жануарлардың жалпы құрылысын; в) тірі және өлі табиғаттың біртұтастығын; с) тірі организмдердің жалпы даму заңдылықтарын; д) түрлердің шығу тегін.
Тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейді: а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология
Тірі организмдердің туыстығын ескеріп,топтарға бөліп оқытатын ғылым: а)экология; в) морфология; с) селекция; д) систематика.
Қандай әдістің көмегімен тірі организмдердің өміріндегі маусымдық ауысымдарды зерттейді:
а)эксперименттік; в) бақылау; с) тәжірибе әдісі; д) палеонтологиялық.
Эксперимент әдісін не үшін қолданады: а) өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігін анықтау үшін; в) фотосинтездің табиғаттағы ролін анықтау үшін; с)құстардың ұшып кетуі мен келуін анықтау үшін; д) тірі организмдердің жүйеде алатын орнын анықтау үшін.
Қазіргі биологиядағы жаңа әдістер:
а) салыстыру в) бақылау с) масс-спектрометрия д) тәжірибе.
Биологияның дамуына XV- XVII ғасырда үлес қосқан ғалымдар:
а) Р. Гук, М. Мальпиги, А. Левенгук в) Ж.Б. Ламарк, Ж. Кювье
с) Л. Да Винчи, А. Везалий, У. Гарвей д) Т. Шванн, М. Шлейден.
Екінші бөлім В деңгейі. Биология терминің алғаш қай жылы кім ұсынды?....
Өндірісте тірі организмдер мен биологиялық құбылыстарды қолданатын ғылым қалай аталады?....
ҚР Қызыл кітабын жасаудың бастамашысы ....
Геоботаниканың негізін салушы ғалым ...
«Қазақстан құстары» 5 томдық еңбегінің серіктес авторы ...
ҚР молекулалық биологиясының негізін қалаушы ғалым ...