Деңгейлік тапсырмалар жинағы



бет21/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
1454325596413 2

Үшінші бөлім С деңгейі. С1.
1. Организмнің гомеостазды реттеу механизмін мысал келтіріп түсіндір?
2. Жануарлардың температураны реттеуіне мысал келтір
3. Құрғақшылық жағдайда өсетін австралия эвкалиптері мүлдем дерлік көлеңке түсірмейді. Бұл құбылысты немен түсіндіруге болады?
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Алғаш организмнің қоршаған ортамен байланысы әртүрлі бейімдеушілік арқылы жүзеге асатыны туралы жазған ғалым:

а) Ж.Б.Ламарк; в) Клод Бернар; с) Уолтер Кеннон; д) Карл Мебиус.

  1. Организмнің ішкі ортасының жүйкелік реттелуі қалай жүзеге асады:

а) гормондар арқылы; в) жүйке импульстері арқылы; с) қан айналым жүйесі арқылы. д) ферменттер арқылы.

  1. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, балықтар температурасын реттеуіне байланысты:

а) гомойотермді; в) пойкилотермді; с) ризотермді; д) экзотермді.

  1. Тамырдың тереңге енуі:

а) гелиотропизм; в) геотропизм; с) гомотропизм; д) хемотропизм.

  1. Өсімдіктердің гүлінің ашылып, жабылуы неге мысал бола алады:

а) тропизм; в)таксис; настии; д) ауксин.
Екінші бөлім В деңгейі. В1

  1. Өсімдіктің тітіркендіргішке бағытталған қозғалысы....

  2. Өсімдіктің тітіркендіргішке жауабы өз күйімен анықталады...

  3. Тітіркендіргіш теріс әсер етсе, ол ...

  4. Организмнің температураның өзгеруіне жауап беруі...

  5. Организмнің қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу механизмі...

В4. Физикалық күш түскен кезде организмде тұрақтылықты қамтамасыз ететін өзгерістерді дұрыс ретпен орналастыр.

























  1. Тамыр соғуының артуы;

  2. СО2 концентрациясының өзгеруі;

  3. Тыныс алудың жиеленуі;

  4. Адреналин секрециясы;

  5. О2 бұлшықет жасушаларына белсенді өтуі;

  6. Тер бөлінуі;

  7. Қан тамырларының кеңеюі

  8. Қанның СО2 дан ұюы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет