Үшінші бөлім. С1. Жануар мен өсімдіктер арасында эволюциялық дамыған сайын жыныстық және жыныссыз көбеюдің кезестесуінің белгілі бір заңдылығы бар. Соны түсіндір.
Дұрыс тұжырымды көрсет: А) Гүл - ашық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі. Ә) Ашық тұқымды өсімдіктердің эндоспермі гаплоидты. Б) Партонегенез жыныстық көбеюдің бір түрі. В) Гүлді өсімдіктер вегетативті және спорамен көбейеді.
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзету. Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.
Гүлдің аналық мүшесі жатын, аталық мүшесі тозаң дәнегі болып табылады.
2) Пісіп жетілген тозаң дәнегі мейоз нәтижесінде түзіген екі жасушадан тұрады. 3) Гаплоидтық вегетативті жасушадан екі спермий түзіледі.
4) Вегетативті жасушадан тозаң түтігі түзіледі. 5) Аналықтың жатының ішінде ұрық қабы болады. 6) Оны ішінде сегіз жасуша бар. 7) Оның бірі аналық жасуша, екеуі бірігіп орталық диплоидты жасушаны түзеді. 8) Бір спермий орталық жасушамен қосылып, нәтижесінде ұрық түзіледі.9) Екінші спермий аналық жасушамен қосылып, диплоидты эндосперм түзеді.
10-тақырып. Тірі организмердің дамуы. 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Эмбриогенездің негізгі кезеңдерінің дұрыс реттілігін таңда:
а) ұрықтану - бөлшектену гаструляция –метаморфоз – органогенез - гистогенез;
в) ұрықтану- гаструляция –метаморфоз- мүшелердің пайда болуы- иммиграция;
с) ұрықтану- бөлшектену- гаструляция ұлпалардың пайда болуы - метаморфоз - мүшелердің пайда болуы;
д) ұрықтану -бөлшектену -гаструляция - ұлпалар мен мүшелердің пайда болуы.
Шыбын, маса, араның даму жолы:
а) тура; в) толық түрленіп; с) шала түрленіп; д) партоногенез.
Адамның миы қай ұрық жапырақшасынан түзіледі: