Деңгейлік тапсырмалар жинағы



бет37/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
1454325596413 2

Үшінші бөлім. С1.

  1. Өсімдіктер жер бетінде тіршілік етуге қалай бейімделді?

  2. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың тіршілігі неліктен түнгі және күндізгі болып бөлінді?

  3. Кайназой және мезозой заманындағы ароморфоздардың пайда болу ретімен жазып шық.

  4. Қысқаша сипаттаманы оқып, қай кезеңдегі, замандағы өзгеріс екнін анықта. «Бұл заманда тау түзілу процесі жүріп, теңіздер мен құрлықтар пайда болды. Теңіздерде әртүрлі балдырлар қаулап өсті. Соңына таман көп жасушалы жануарлар ішекқуыстылар мен буылтық құрттар пайда болып, олар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама берді. Желілердің қарапайым өкілі қандауырша тіршілік етті».

С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.

  1. Жануарлар палеозой заманында, пермь кезеңінде құрлыққа шығады; 2) Протерозой заманының ұзақтығы 165 млн жыл: 3) Кайназой заманы бауырыменжорғалаушылар дәуірі деп аталады; 4) Кайназой дәуірінде гүлді өсімдіктер көптеп таралған; 5) Трилобиттер қазіргі буынаяқтылардың арғы тегі триас кезеңінде палеозой дәуірінде пайда болды; 6) Жер бетінде тіршілік алты жарым мың жыл бұрын пайда болды; 7) Адам палеоген кезеңінде кайназой заманында пайда болды.



14-тақырып. Антропосоциогенез
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Құлақ маңындағы бұлшықеттер, терідегі түктер, омыртқа жотасының құйымшақ бөлімі, соқырішек қандай белгілерге жатады:

а) рудимент; в) аналогия; с) атавизм; д) гомология.

  1. Антропология терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым:

а) Ж.Б.Ламарк; в) Аристотель; с) К.Линней; д)Ч.Дарвин.

  1. 14-8 млн. Жыл бұрын өмір сүрген адамтектес маймылдардың тобы қалай аталады?

а) рамапитектер; в) аустралопитектер; дриопитектер; д) архантроптар.

  1. Адамның әлеуметтік эволюциясы неше кезеңге бөлінеді?

а) үш; в) екі; с) бес; д) төрт.

  1. Кромоньеондықтар қай жылы қайдан табылды:

а) 1859ж. Германия; в) 1938 ж.Қытай; с)1865 ж.Ява аралы; д) 1868ж Франция.

  1. Питекантроптардың миының салмағы: а) 900гр; в)750гр; с) 1000гр: д) 450 гр.

  2. Антропогенездің биологиялық факторларына жататындар:

а) тұқымқуалау, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес;
в) қоғамдық қарым –қатынас, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу;
с) еңбек әрекеті,сөз,сөйлеу; д) табиғи сұрыпталу,еңбек әрекеті, тұқым қуалау.

  1. Ұрпақтарына қамқорлық, қарттарды қадірлеу және олармен санасу дәстүрін ұстағандар:

а) палеонтроптар; в) неонтроптар; с) неандертальдар; д) Кромоньеон адамы.

  1. Ертедегі адамдардың мекен жайлары, пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылды?

а) Орталық Қазақстан,Бетпақдала; в) Батыс Қазақстан өңірі;
с) Шығыс Қазақстан (Алтай өңірі); д) барлық жауап дұрыс.

  1. «Маймыладам» деген ат кімге берілді?

а) Питекантроптарға; в) синантроптарға;
с) аустралопитектерге; д) дриопитектерге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет