Деңгейлік тапсырмалар жинағы



бет44/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
1454325596413 2

Үшінші бөлім. С4.
1-есеп.Адамда үлкен көзді және римдік (дөңес) мұрынды анықтайтын ген кішкентай көзді және римдік (тік) мұрынға қарағанда доминантты. Үлкен көзді, грек мұрынды әйел кішкентай көзді, римдік мұрынды еркекке тұрмысқа шықты. Олардың төрт баласы болды, оның екеуі үлкен көзді, римдік мұрынды болды. Анықтаңдар: а) Ата аналарының генотипін; ә) Осы жұпта кішкентай көзді, римдік мұрынды бала туылу мүмкіндігін; б) кішкентай көзді, римдік мұрынды бала туылу мүмкіндігін.
2-есеп. Дальтонизм мен гемофилия Х хромосомада орналасқан рецессивті аллельдің бақылауында болады. Аурудың болмауына доминантты аллельдер жауапты. Гетерозиготалы әйелдер фенотиптік тұрғыда дендері сау, бірақ генотиптерінде көрініс бермеген ауру гені болады және оны өз балаларына беруі мүмкін. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, есептерді шеш:
А) дальтонизм, гемофилия белгілерінің тіркесуі адамның қайсы хромосомасы бойынша жүрген?
Ә) Гемофилик еркек пен әкесі дальтоник болған дені сау әйел арасындағы некеден қандай балаларды күтуге болады? Ата- аналары мен олардың ықтимал ұрпағының генотипін анықта
3-есеп а) 3:1; б) 9:3:3:1; в) 1:2:1 ажырау білдіретін даралардың генотипін жаз.


16-тақырып. Өзгергіштік заңдылықтары мен адам генетикасы.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Басқа белгілерге қарағанда кең реакция нормасымен шектелетін белгі: а) бір үйірдегі жылқылардың аяғының ұзындығы; в) мидың құрылысы; с) инсулиннің химиялық құрамы; д) Сиырдың сүтінің мөлшері.

  2. Қай мысалда сыртқы орта жағдайларының әсері байқалады: а) адамның қолының құрылысына; в) көздің құрылысына; с) түктің түсіне; д) түлкілердің құлағының ұзындығына.

  3. Біржұмыртқадан пайда болған егіздер, егер әртүрлі сыртқы орта жағдайларында тәрбиеленсе бір -бірінен қандай белгілері бойынша айырмашылығы болады: а) фенотипімен; в) генотипімен; с) реакция нормасымен; д) үшеуімен де.

  4. Адамның хромосомалық ауруын зерттейтін әдіс: а) егіздік; в) цитогенетикалық; с) гибридологиялық; д) генеологиялық.

  5. Қант диабетінің себебін зерттейтін әдіс: а) егіздік; в) генеологиялық; с) биохимиялық; д) цитогенетикалық.

  6. Гималай қояндарының аяқтарының, құлақтарының, құйрықтарының ұшының түсі қандай өзгергіштіктің мысалы бола алады: а) комбинативтік; в) мутациялық; с) тұқымқуалайтын өзгергіштік; д) модификациялық.

  7. Орақ пішінді анемия қандай мутация түріне жатады: а) гендік; в) хромосомалық; с) геномдық; д) жыныстық.

  8. Адамның жыныс хромосомаларымен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулары: а) Даун мен Клайнфельтер синдромдары; в) гемофилия және далтонизм; с) фенилкетонурия мен орақ пішінді анемия; д) Тернер- Шерешевский және мысық дауысы синдромдары.

  9. Гемофилия ауруының тұқым қуалауын қай әдіспен анықтауға болады: а) егіздік; в) генеологиялық; с) биохимиялық; д) цитогенетикалық.

  10. Хромосома бөлігінің 1800 – қа бұрылуы: а) инверсия; в) транслокация; с) дупликация; д) делеция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет