Деңгейлік тапсырмалар жинағы



бет42/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
1454325596413 2

Екінші бөлім В деңгейі: В1

  1. Генетиканың негізін салушы...

  2. Белгілердің ұрпағына берілуі ...

  3. Қарама қарсы белгілер ...

  4. Басылыңқы белгі ...

  5. Организмнің сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы ...

  6. Генетиканың негізгі әдісі ...

  7. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер ұрпағы ...

  8. Гетерозиготаларда белгілер ...

  9. Адамда тіркесу топтарының саны ...

  10. Бір хромосомада орналасқан гендер .... тұқым қуалайды.

В2. Гаметалардың типтерін анықта.
АаВВ - ________________
Аавв - _________________
АаВВСС - ______________
В5 . Мендельдің бірінші және үшінші заңы. Талдай будандастыру. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. (Т.Морган заңы).
В7. Берілгені: 44ХХ х 44ХУ.
А) Берілген даралар қандай гаметалар түзеді?
Ә) Қайсысы аналық, қайсысы аталық дара?
Б) Қай жыныс гомогаметті, қай жыныс гетерогаметті?
Үшінші бөлім. С4.
1-есеп. Қысқа жүнді (А) және ұзын жүнді (а) үй қояндарын екі рет будандастырған. Олардың біреуінің жүні қара түсті (В), екіншісінің жүні ақ түсті (в). Ұрпақты генотип және фенотип бойынша анықта. Көрініс беретін генетикалық заңды түсіндір.
2-есеп. Дальтонизм мен гемофилия Х хромосомада орналасқан рецессивті аллельдің бақылауында болады. Аурудың болмауына доминантты аллельдер жауапты. Гетерозиготалы әйелдер фенотиптік тұрғыда дендері сау, бірақ генотиптерінде көрініс бермеген ауру гені болады және оны өз балаларына беруі мүмкін. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, есептерді шеш:
А) дальтонизм, гемофилия белгілерінің тіркесуі адамның қайсы хромосомасы бойынша жүрген?
Ә) дені сау еркек пен әкесі дальтоник болған дені сау әйел арасындағы некеден қандай балаларды күтуге болады? Ата- аналары мен олардың ықтимал ұрпағының генотипін анықта
3-есеп а) 3:1; б) 1:1:1:1; в) 1:2:1 ажырау білдіретін даралардың генотипін жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет