Деңгейлік тапсырмалар жинағы


тақырып. Экологияға кіріспе. Тірі организмдер және орта факторлары



бет50/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
1454325596413 2

тақырып. Экологияға кіріспе. Тірі организмдер және орта факторлары.

1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.

  1. Қандай экологиялық факторлар болмайды: а) абиотикалық; в) биотикалық; с) антропогендік; д) кездейсоқтық.

  2. Су ортасында тіршілік ететін организм қалай аталады: а) аэробионттар; в) гидробионттар; с) эдафобионттар; д) эндобионттар.

  3. Қандай белдемде сыртқы орта жағдайлары организмге кері әсер етеді: а) тіршілігін тоқтату белдемі; в) қыспақ белдемі; с) қолайлы тіршілік белдемі; д) пессимум белдемі.

  4. Қандай экологиялық фактор абиотикалыққа жатпайды: а) жарық; в) жел; с) тыңайтқыш; д) температура.

  5. Өзен бахтахы (форель) үшін не шектеуші фактор болады: а) судың ағысы; в) судың температурасы; с) судағы оттегінің мөлшері; д) судың тұздылығы.

  6. Аутэкология нені зерттейді: а) популяцияны; в) ағзаны; с) бірлестікті; д) бегеоцонозды.

  7. Инфрақызыл сәулелердің ұзындығы мен маңызы: а) меланин пигменті түзіледі, 300-400 нм; в) 750 нм ден жоғары, ағзаларға жылу береді, көзге көрінбейді; с) 400-700 нм, фотосинтезге қатысады; д) барлық жауап дұрыс.

  8. Ұзақ күнді өсімдіктер: а) бидай, қарақұмық, күнбағыс; в) жүгері, асбұршақ, бидай; с) тары, жүгері, арпа; д) картоп, арпа, қарабидай.

  9. Жарық сүйгіш өсімдіктер: а) шайқурай (зверобой), бүлдірген, қарағай, емен; в) жебіршөп (чабрец), қызғалдақ, астық тұқымдастары; с) қазжуа (гусиный лук), жалбыз (шалфей); д) саумалдық (кислица), мүктер, плаундар.

  10. Аю тағам бойынша: а) стенобионт; в) эвробионт; с) эндабионт; д) сукулент.

Екінші бөлім В деңгейі. В1

  1. Күн мен түннің ауысуына байланысты физиологиялық процестердің өзгеруі .... .... деп аталады.

  2. Температураның көп ауытқуына шыдайтын организм.... деп аталады.

  3. Жапырағының түк басуы, суды көп буландыру, жапырағының көлемінің азаюы ...... ..... бейімделу.

  4. Организмге жағымды немесе жағымсыз әсер ететін сырқы ортаның компоненттері .... .... деп аталады.

  5. Организмнің тіршілігін жалғастыруын қамтамасыз ететін максималды және минималды экологиялық факторлары мөлшері (әсері) .... .... деп аталады.

  6. Тығыздығы , жылу сыйымдылығы , жылу өткізгіштігі жоғары және оттегінің мөлшері аз орта ....

  7. Қазатын аяқтары, ықшам денесі бар және көзі нашар дамыған ағзалар .... .... өмір сүреді

В2 . Сәйкестікті анықта.1. Өсімдіктер мен олардың суға байланысын анықта.

Экологиялық топтар

Өсімдіктер мысалдары

  1. мезофит.

  2. ксерофит

  3. гигрофит.




А) алоэ, кактус;
Ә) бидай, қарабидай;
Б) папирус, күріш;
В) түйе жантақ, селеу (ковыль);
Г) шықшылдақ, мүкжидек;
Ғ) інжугүл, жолжелкен.

В2 . Сәйкестікті анықта.2.

Жылуды реттеу түрлері

Мысалдары

  1. іс- әрекеттік (поведенческая).

  2. физикалық.

  3. химиялық.

А) тердің көп бөлінуі немесе азаюы;
Ә) көлеңкеге жылжуы немесе інге жасырынуы;
Б) тері капиллярларының кеңеюі мен тарылуы.

В5. Терминдер мен ұғымдарға анықтама бер. Экология, оптимум заңы, стенобионт, мезофит, фотопериодизм, гомойотермді жануар, эдафабионт.
Үшінші бөлім. С1.

  1. Көкнәр мен қызғалдақ ылғал сүйгіш өсімдіктер. Олар неліктен құрғақшылықта өсе алады?

  2. Ақ аю мен түйенің тіршілік ортасына бейімделуінде ортақ нәрсе не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет