Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолына әкеліп, көкі-



Pdf көрінісі
бет26/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
оқыдым. Ол ( с.а.у.) оң қолын сол қолына әкеліп, көкі-
регінің үстіне қойды” - деген хадис Ибн Хузаймада 
келтірілген. Бірақ, бұл хадистің "Сахих Муслимдегі" 
нұсқасында «көкірегінің үстіне қойды» деген жері 
жоқ»,- деп айтқан.
Ендеше, Муаууаль ибн Исмағилдің риуаятындағы 
“қолын көкірегінің үстіне қойды” деген жері “зияда”
яғни, “артық”. Жоғарыда хадис білгірлері Муаууаль 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
42
ибн Исмағилдің жадының нашар болуына байланысты 
көп қателесетіндігін айтып кеткен еді. Олай болса, бұл 
жерде Муаууаль ибн Исмағил "қолын көкірегіне қойды" 
деген сөзді негізгі хадис мәтініне шатасып қосып отыр 
деуге негіз бар. Хадис ілімінде белгілі бір риуаят өзінен 
де жоғары дәрежедегі риуаяттарға қайшы келсе, ондай 
хадисті «шәәзз» деп атаймыз. Ал хадистің сахих болуы 
үшін “шәәзз” болмауы шарт
80

80
Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл – 2. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
43
Намазда аяқ арасын қаншалықты
ашып ұстау керек? 
Ислам мұсылмандарды белгілі бір тәртіпке тәр-
биелейтін дін. Рухтың бірлігіне көңіл аударғаны тәрізді 
сыртқы көрініске де аса мән береді. Себебі, жүйесіз 
әрекет рухтың шыңдалуына көлеңкесін түсіріп, ішкі 
үйлесімділікті бұзатыны ақиқат. Мына әлемде бәрі 
бір-бірімен байланысты болғандықтан бұл өз кезегінде 
сыртқы көрініске де кері әсерін тигізбей қоймайды. 
Сондықтан болар, Алла Елшісі жамағатпен оқылған 
намазда саптың түзу болуына әрі арада бос жер қал-
мауына, сондай-ақ, саптың толық болуына айрықша 
көңіл бөлетін. Бұл жайлы Хақ елшісінің (с.а.у.) бірқатар 
хадистеріне назар аударайық:
اوُميِقَأَو :لاق ُهَّنَأ ملسو هيلع للها ىلص يبنلا نع َةَرْيَرُه يبأ نع 
ِة َلا َّصلا ِن ْسُح نم ِّف َّصلا َةَماَقِإ نإف ِة َلا َّصلا يف َّف َّصلا


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет