Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет42/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
68
дегенін негізге алып, «әминді» іштей айтуды сүннет деп 
білген. Себебі, «әмин» сөзін имам жасырын айтпайтын 
болса, Пайғамбарымыз имамның да «әмин» дейтінін 
жамағатқа білдірмес еді. Яғни, періштелер мен имам-
ның «әмин» деуі жамағатқа естілмейтін болғандықтан 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «себебі, періштелер «әмин» 
дейді, имам да «әмин» дейді» деп, олардың да «әминді» 
айтатындығын білдіріп тұр. (Дұрысы Аллаға мәлім).
Сондай-ақ, осы хадиске сүйеніп «Имам фатиха оқ-
ып болғаннан кейін «әминді» дауыстап айту керек» 
деген тұжырым жасау қате. Өйткені бұл жерде әминді 
«жәрия айтады» деген сөз жоқ. Оның үстіне, имам 
айтқан дұғалардың бәрін дауыстап айту шарт болса, 
оның келтірген тәкбірін (Аллаһу әкбәр), тәсмиъғын 
(самиъаллаһу лимән хәмидәһ), тәслимін (әс-сәләму 
ғалейкум) дауыстап айту керек болады. Себебі сахаба 
Әбу Һұрайра (р.а.) риуаят еткен басқа бір хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
اَمَّنِإ :)ملس و هيلع للها ىلص( ِللها ُلو ُسرَ لاق :لاق ،َةَريَرُه يبَأ نع 
َأَرَق اَذِإَو ، اوُعَكْراَف َعَكَر اَذِإَو ، اوُرِّبَكَف َرَّبَك اَذِإَف ، ِهِب َّمَتْؤُيِل ُماَمِلإا َلِعُج 
اوُت ِصْنَأَف 
«Сөзсіз имамға ұю керек. Егер Имам, «Аллаһу 
әкбар» десе, сендер де солай айтыңдар. Ал, қашан 
Құран оқыса, (намазда) тыңдап тұрыңдар!»
126
, – 
126
Дарақұтни сүнәні, Имамға ұйиу бабы – 2/115-бет, №1243 хадис. Сахих.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
69
деген. (Сахих). Бірақ, бұл хадистегі бұйрыққа сүйеніп, 
имамға ұйыған ешкім «тәкбірді (Аллаһу әкбәрды)» 
жария айтпайды.
Мәзһабты мойындамайтындар шейх санайтын 
Насруддин Әлбани да «Әминді» дауыстап айтуды 
қолдамайды. Ол өзінің «Тәмәмул-минна фит-таълиқ 
ала фиқһус сунна» атты кітабында былай дейді: 
«Жамағаттың да имаммен бірге «Әминді» дауыстап 
айтуы керек дейтіндердің: «Сахаба Зүбайр және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет