Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет75/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
118
намаз парызынан кейін немесе соңғы сүннеттен соң 
орындалатындығына қатысты мәзһаб ғұламалары 
арасында екі түрлі көзқарас бар. Алла елшісінің (с.а.у.) 
зікір мен дұға етуді білдірген кейбір хадистеріндегі 
«парыз намаздан кейін» деген сөзді негізге алған 
ханафиден өзге мәзһабтарда парыз намаздан кейін 
дереу зікір мен дұға айтылады. Ал, ханафи мәзһабының 
ғұламалары Мүслімдегі Айша (р.а.) анамыздан риуаят 
етілген: «Алла елшісі (с.а.у.) намазда сәлем бергеннен 
кейін (шамамен) тек «Аллаһумма әнтас-салаам уа 
минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-
икраам» дейтіндей уақыт қана отыратын» деген 
хадисті, сондай-ақ сахихул-Бұхариде Умму Салама 
(р.а.) анамыздан жеткені: «Алла елшісі (с.а.у.) намазда 
сәлем бергеннен кейін әйелдер тұрып кететін. Ал, 
өзі аз ғана кідірістен кейін ғана орнынан тұратын»
240
 
сынды хадистерге қайшы келмеу жағын ескеріп, зікір 
мен дұғаны дереу парыздан кейін емес, ақырғы сүннеттен 
кейін жасау қажет деген тұжырымға тоқтаған. Себебі, 
зікір мен дұғаны парыздан кейін дереу айтылатын болса, 
жоғарыда Айша анамыздан риуаят етілген хадиске 
қайшы болмақ. Яғни, намаздан кейін айту – сүннет. 
«Аятүл күрсіні» немесе «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін 
оқу, 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ», 
33 рет «Аллаһу әкбар» және «Лә иләәһа иллаллаһу 
уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду 
240
Сахихул-Бухари. 1-том, 296-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут, 
1987 ж.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
119
уа һуа алаа кулли шәйн қадиир» сынды дұғаларды айту 
«Аллаһумма антас-салаам уа минкас-салаам, тәбааракта 
иа зәл-жәлаали уал-икраам» дейтіндей мезгілден көп 
уақытты алатындығы сөзсіз. Ал, Алла елшісі, Айша 
анамыз жеткізгендей, парыз намазынан кейін шамамен 
тек «Аллаһумма әнтас-салаам уа минкәс-сәлаам, 
тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-икраам» дейтіндей уақыт 
қана отыратын.
Ендеше, Алла елшісі соңғы сүннеті бар парыз 
намаздарынан кейін «Аллаһумма әнтас-салаам уа мин-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет