Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет78/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
123
ешқандай тыйым жоқ. Себебі, белгілі бір істі бидғатқа 
шығару үшін ол істің дінде ешбір негізі болмауы шарт. 
Ал, намаздан кейін зікір айтуды және жамағатпен 
дұға етуді шариғатымыз құптайды. Белгілі бір істі 
жамағатпен істеудің сауабы мол екенідігі дінімізде 
айтылған. Ендеше, жамағатпен тәспі тартып, дұға жасау 
«дұға жасаңдар», «зікір айтыңдар», деп, көпше түрде 
келген көптеген аят-хадистердің аясына кіргендіктен
шариғатқа қайшы емес.
Тағы бір ескере кететін жайт, мешітте парыз 
намазды оқығаннан кейін намаздың соңғы сүннетін 
үйден оқу, әрине, шариғатқа қайшы емес. Алайда, үй-
жайымыз Алла елшісінің бөлмелері тәрізді мешіттің дәл 
іргесінде болса, бір сәрі. Онда үйден оқудың еш айыбы 
жоқ. Дегенмен, бірден жұмысқа кететінімізді ескерсек, 
сүннет намаздарды мешітте оқығанымыз жөн
243

243
Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
124
Жұманың алғашқы төрт рәкағат сүннет намазын 
оқуға қатысты қандай дәлел бар?
Ханафи, Шафиғи мәзһабтарында, сондай-ақ, 
Ханбали мәзһабындағы бір көзқарас бойынша, жұма 
парызының алдында төрт рәкағат сүннет намаз 
оқылады. Ал, Мәлики мәзһабында жұманың алдында 
бекітілген сүннет намаз болмағанымен, жалпы нәпіл 
намаз оқуға рұқсат бар.
Жұма намазының алдында сүннет намаз бар 
дейтіндер, ең әуелі, жұма намазының бесін намаздың 
орнына жүретіндігін алға тартады. Сондықтан, 
жұма намазындағы екі рет азан шақыру, хұтба оқу
парыз намазының төрт рәкағаттан екі рәкағатқа 
түсуі секілді арнайы шариғи дәлелдермен бекітілген 
ерекшеліктерінен бөлек өзге мәселелерде жұма намазы 
бесін намазы секілді оқылады.
Имам әл-Бухари өзінің сахих хадистер жинағында 
«Жұма намазының соңындағы және алдындағы сүннет 
намаздар» деп арнайы тарау арнағанымен, жұма нама-
зының соңғы сүннетіне байланысты хадисті ғана 
келтіріп, ал алдыңғы сүннеті жайлы ешқандай хадистен 
дәлел келтірмеген. Оның орнына бесін намазының алды 
мен соңында оқылатын сүннет намаздары жайлы айтып 
кеткен.
Имам әл-Бухаридің бұлай етуінде жұма намазын 
бесін намазына «қияс», яғни салыстыруы жатыр. 
Яғни, бесін намазының алдында және соңында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет