Дәлелді медицина анықтамасы. Дәлелді медицинаның даму тарихы. Клиникалық эпидемиология: анықтамасы, даму тарихы, негізгі принциптері және зерттеу әдістері


Дәлелді медицинаның басқа да анықтамалары бар



бет2/12
Дата09.10.2024
өлшемі167,08 Kb.
#147338
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәлелді медицина

Дәлелді медицинаның басқа да анықтамалары бар:

  • дәлелді медицина дегеніміз зерттеулер жүргізген кездегі, мамандар бақылауы мен пациенттердің хабарламасы нәтижесіндегі алынған сенімді клиникалық мәліметтерді жинау, интерпретациялау және интеграциялау;
  • дәлелді медицина дегеніміз оптимальды клиникалық шешім қабылдауға көмектесетін медициналық ақпаратты іздеу, талдау, жалпылау және қолдану технологиясы;
  • дәлелді медицина – диагностика мен терапияның критерияларын таңдауға субъективті факторлардың аз дәрежеде әсер ететіндігімен ерекшеленетін және дәрігерден әр түрлі эксперттер пікірі мен клиникалық зерттеулер нәтижелерін сын көзбен бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның парадигмасы;
  • дәлелді медицина дегеніміз – медициналық әрекеттердің оптимальды варианттарын таңдаудың ақпараттық технологиясы;
  • дәлелді медицина – клиницистердің жүйелі сұрақтарды құрастыру жолымен, диагностика, ем, профилактика бойынша машықтарын жетілдіру.

Дәлелді медицина

бұл медициналық тәжрибе әдісі, бірақ:

  • ол «ғылым» емес,
  • ол «эпидемиология»емес,
  • ол«статистика» емес,
  • зерттеу әдісі емес
  • В.В.Власов

Терминология

Алғаш рет 1990 жылы канадалық Мак-мастер университетінің ғалымдарының бір тобы клиникалық тәжрибесі бар ғылыми мәліметтерді және пациенттердің жеке қалауын жеке медицина бөліміне топтастыруды ұсынды.

Бұл ғылыми-тәжрибелік бөлім қол жетерлік, тығыз және объективті ақпараттардың бүкіл әлемде жүргізілетін клиникалық зерттеулердің заманауи және дәлелденген, яғни қандай да бір емдеу әдісі немесе дәрілік заттарды қолданудың артықшылығын дәлелдейтін, оны "Evidence-Based Medicine" (ЕВМ) немесе «ғылыми дәлелденген медицина " (НДМ) деп атайды.

Дәлелді медицинаның тарихы

  • 1994 ж. – Оксфордтағы алғашқы Cochrane colloquium
  • 1994 ж. – EBM термині енгізілді
  • 1996 ж. – көптеген Британия докторлары EBM терминімен таныс
  • 1996 ж. – Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі ЕВМ концепциясын алға ілгерілету басты міндет деп жариялады
  • 1996 ж. – британия газеттерінде ЕВМ термині жиі жариялана бастады
  • 1999 ж. - BMJ ЕВМ анықтамасын баспаға шығарды (тираж көлемі АҚШ-та ½ млн. экз.)
  • 2001 ж. – неміс, испан, орыс, жапон тілдерінде басып шығарылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет