Delphi визуалды программалау ортасы



бет19/97
Дата06.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#12435
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
Байланысты:
Delphi vizualdy programmalau ortasy

Пикто-
грамма


Компонент

аты

Компоненттің атқаратын қызметі



Timer

Таймер. Нақты уақыт интервалын есептеуге арналған компонент. Ол 55 миллисекунд – тен кіші аралықта өңдей алмайды.



PaintBox

Суретке арналған терезе. Графикалық кескіндерді салуға арналған тікбұрышты аймақты құрады.



MediaPlayer

Мультимедиалық ойнатқыш. Осы компонент көмегімен түрлі мультимедиалық құрылғылар жұмысын басқаруға болады.



OleContainer

OLE-контейнер. Байланысқан немесе ендірілген обьектілерді қабылдаушы қызметін атқарады.



DDEClientConv

DDE- байланыс. Бұл DDEClientItem –мен бірге DDE-байланыста клиенттік бағдарлама құру үшін пайдаланылады..



DDEClientItem

DDE- тақырып. Клиенттік қолданбада DDE-байланыстың тақырыбын анықтайды.



DDEServerConv

DDE- байланыс. Бұл DDEServerItem –мен бірге DDE-байланыста серверлік бағдарлама құру үшін пайдаланылады.



DDEServerItem

DDE- тақырып. Серверлік қолданбада DDE-байланыстың тақырыбын анықтайды.



3. Delphi компоненттері – визуалды жобалаудың негізі.
Бос пішінді мазмұнды ететін – Delphi-дің компоненттері. Олар бас терезедегі палитра компоненттерінің тиісті астарларында орналасқан. Delphi-дің негізгі барлық компоненттері жоғарыда айтылған 4 астарда: Standard, Additional, Win32, System жатыр.

Осылардың пиктограммасына маустың нұсқағышын апарсақ, олардың аттары қалқып көрінеді. Осы компоненттерді Пішінге апару үшін, оны мауспен шертіп, сонан соң Пішіннің ол қойылатын орнын шертеді.Бұдан әрі оларды маус арқылы Пішін ішінде «қажетті интерфейсті» құрастыруға еркін тасымалдауға болады. Егер Сіз компонентті Пішінге көшіргіңіз келмесе, онда сол астардағы компоненттен бас тарту бағдаршасын шертсеңіз, белгілеу алып тасталады.

Delphi-де басқа бағдарламалау тілдеріндегі сияқты, барлық компоненттер қарастырылған анықтамалықтар бар. Мұнда біз сол компоненттердің ең негізгі қасиеттеріне және олардың жұмысына тоқталатын боламыз.

Ең алдымен, мәтінді бейнелеу компонентінен бастайық. Ол үшін жаңа жоба құрайық(File –» New –» Application), сосын Пішінге Label, Edit, Memo, Button компоненттерін тасымалдайық. Мауспен тиісті компоненттерді бір рет шерту немесе Tab пернесін басу арқылы Обьектілер инспекторындағы олардың қасиеттерін ашуға болады. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған осы компоненттердің мынадай қасиеттері бар:



  • Width – компоненттің енін белгілейді;

  • Height – компоненттің биіктігін белгілейді;

  • Left – пішіннің сол жақ шетінен қашықтығын көрсетеді;

  • Top - пішіннің жоғарғы жақ шетінен қашықтығын көрсетеді.

Компоненттер Пішінге орнатылғаннан бастап, олардың қасиеті мәнге ие болады. Компоненттерді мауспен пішіндегі жобалаған орнына қойған соң, обьектілер инспекторы арқылы оның өлшемдері мен координаттарын нақтылауға болады. Осы әрекеттерді бағдарламалау арқылы да орындауға болатынын алда көретін боламыз. Бұл компоненттердің бейнелік көрінісін олардың мына қасиеттері ұйымдастырады:

Label Button үшін - Caption,

Edit үшін – Text,

Memo үшін – Lines.

Пішінді «құрастыру» кезінде компоненттердің осы қасиеттеріне кезкелген мәнді беруге болады, тіпті оған мән беру арқылы компонентті көрінбейтін ете аласыз. Жоғалған компонентті инспектордағы тізімін шерту арқылы оның қасиетін көрсеңіз, сол кезде ол пішінде белгіленіп тұрады.

Енді бағдарламаны іске қосып көрейік(ол үшін жасыл бағдаршаны не F9 –ды басыңыз). Сонда сіз компоненттердің, яғни Label – пішінде жазба не белгі жазуға, Button – батырма қызметін атқаруға, Edit – жол енгізуге, Memo – мәтіндік редактор ретінде жұмыс істеуге дайын екенін көресіз.

Қазір біз шағын бағдарлама жазып көрейік. Әуелі жаңа жоба ашайық (File –»New –» Application) . Енді мына әрекеттерді орындайық:


  1. Пішінге Edit(енгізу жолы) компонентін орналастырыңыз да, оның Text қасиетін тазалаңыз.

  2. Пішінге Button(батырма) компонентін орнатып, оның Caption қасиетіне, мыс: «бейнесін көрсет» деп жазыңыз.

  3. Пішінге Label – ді енгізіп, оның Font қасиетінен қаріп өлшемін(24) және түсін таңдаңыз. Оның Caption қасиетін тазалаңыз.

  4. Құрған батырманы екі рет шертіңіз.

Сонда бізге Delphi дайындаған батырманы басуға арналған модуль терезесі ашылады.

  1. Осы код терезесінде Label1 деп жазыңыз(нүктеден соң тоқтаңыз, сонда көмексөз көрінеді). Сонан соң «С» пернесін бассаңыз, сонда Caption жолы белгіленеді. Delphi біз не енгізер екен деп күтіп тұр. Әрі қарай ештеңе жазбай, Enter-ді басыңыз. Сонда Label1.Caption деген жазу шықты. Мұндағы нүкте обьекті мен оның қасиетін бір-бірінен ажыратып тұр. Обьектіні қалай атау керек? Әрине атымен. Ол обьектінің барлық компоненттері үшін бірдей – Name қасиетімен беріледі және бұл инспекторлар обьектісінде орналасқан. Әрі қарай:

  2. Label1 обьектісінің Caption қасиетіне мән меншіктейік. Ол үшін «:=» - меншіктеу операторын пайдаланамыз. Сонда «Label1.Caption:=» шығады, енді не жазатыныңды ойланайық...

  3. Әрине, мұнда Edit1- дің Text қасиеті : “Edit1.Text” мәнін қабылдайды.

  4. Әр команда соңына (;) символы қойылуы қажет.

Сонда begin мен end арасына: Label1.Caption:=Edit1.Text; жазылады. Енді осыны сақтап, F9 пернесін басайық. Міне шағын бағдарлама құрылып болды. Нәтижесін көріңіз.
Ендігі бағдарламалар бұдан күрделілеу болады. Егер бағдарламада қате болып, ол орындалмаса не істеу керек? Ол кезде CTRL + ALT + DEL пернелер тобын орындап немесе ең оңайы қателер туралы ескерту терезесінде OK-ны басып, содан соң бас терезе менюінде Delphi Run –» Program Reset немесе Ctrl+F2 командаларын орындаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет