Demey оңалту және түзету орталығының


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі



бет12/13
Дата10.12.2023
өлшемі228 Kb.
#135605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі



Әріптік жүйе бойынша бағалар

Баллдардың сандық эквиваленті

Баллдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



Кесте 1

Баға

Критерий

А бағасы

Басқару психологиясы курсына қамтылған кез келген тақырып бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылған ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқылған материалдар негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

А- бағасы

Басқару психологиясы курсындағы кез келген сұрақтың мазмұнын бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы мүмкін.

В+ бағасы

Басқару психологиясы пәнінде оқылған материалдарды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы мүмкін. Магистрант жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

В бағасы

Басқару психологиясы бойынша оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атай біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады; жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната біледі. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана біледі. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде дағдысы жеткілікті көрінбейді. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы түзей алады.

В- бағасы

Басқару психологиясы бойынша магистрант берілген сұраққа дұрыс жауап береді; бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқ болуы мүмкін. Магистрант материалдың негізгі мазмұнын меңгергенімен, оны саралап, талдауда қиналады. Мысалдармен жауабын нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы түзей алады.

С+ бағасы

Басқару психологиясы бойынша жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Негізгі ұғымдарды анықтауда магистрант тың жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

С бағасы

Басқару психологиясы бойынша магистрант берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

С- бағасы

Басқару психологиясы бойынша магистрант берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+ бағасы

Басқару психологиясы бойынша магистрант көптеген маңызды фактілерді ескермейді; қорытынды жасай алмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді; олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмайды (қате болса да). Көп елеулі қателер жіберіледі. Магистрант жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыстың жоқтығы байқалады. Магистрант оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі мүмкін.

D бағасы

Басқару психологиясы бойынша магистрант нашар жауап береді; тақырыпты толық меңгермегені, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Магистрант қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

F бағасы

Басқару психологиясы бойынша магистрант өте нашар жауап береді; сұрақтың мағынасын түсінбейді. Сөйлеу, жазу мәнері төмен деңгейде. Жауабында көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын магистрант түсінбейді. Магистрант оқу материалын меңгере алмаған жағдайда қойылады. Сабаққа жауап пен бақылаудың қай түрінде болмасын, ұялы телефондардың, дыбыс және көрнекі ақпарат тасымалдайтын құралдардың (МП3, МП4, плэйер т.б.) көмегіне жүгінгенде 0 (нөл) қойылады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет