Тасымалдау – медициналық көмек көрсету және емдеу орындарына науқастарды көшіру және апару. Науқасты қабылдау бөлімшесінен емдеу бөлімшесіне тасымалдаудың әдісін қарап тексерген дәрігер анықтайды. Тасымалдау құралдарында (қоларба, каталкалар, зембілдер) ақжаймалар және көрпелер болуы шарт. Ақжайма мен көрпені әрбір пайдаланғаннан кейін ауыстыру қажет. Өздігінен жүретін науқастарды қабылдау бөлімінен бөлімшеге кіші медициналық қызметкерлер (кіші мейірбеке, санитарлар) ертіп апарады. Өздігінен қозғалаалмайтын науқастар бөлімшеге зембілбен немесе қоларбамен тасымалданады.
Науқасты зембілде тасымалдау тәртібі
Қажетті құрал: зембіл. Науқасты зембілде асықпай және селкілдетпей, аяқты қатар баспай тасымалдау керек. Сатыдан төмен түскенде науқастың аяғын алға, сонымен бірге зембілдің аяқ жағын көтерінкіреп, ал бас жағын – сәл төмен түсіріп апару қажет (осылай ұстағанда зембіл көлденен қалыпта болады).
Бұл жерде артта келе жатқан адам зембілдің тұтқасын шынтағын жазып ұстайды, ал алдынғы жақта келе жатқан адам тұтқаны – иыққа көтереді. Сатымен жоғары көтеріленде науқасты басымен алға қарай, зембілді көлденең қалыпта ұстап апару керек. Сонымен бірге алдынғы жақта келе жатқан адам зембілдің тұтқасын шынтағын жазып ұстайды, ал артта келе жатқан адам тұтқаны – иыққа көтереді.