1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өміріне өте үлкен маңызы бар.Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы,әр түрлі қабілеттері,адамгершілік қасиеттері,мінез-құлқы қалыптаса бастайды.Баланың денесін шынықтыру,өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру,гигиеналық әдеттерді бойларына сіңдіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең.
Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізі,тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи,дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп тұрады. Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда,бала бақшасында дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамыры,дем алу,жүйке жүйесі,зат алмасу жүйесі қызметтерін жақсартады,қозғалыс-тірек аппаратын нығайтады.Баланың ауруға қарсылық күшін,ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы бала өмірді,табиғатты тани бастайды,оның психологиясы, ерік күші,өзіндік қасиеттері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным,түйсік,қабылдау,сезім,қабілет және басқа әртүрлі психикалық мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды Сондықтанда осы кезеңде дене тәрбиесі сауатты,дұрыс жүргізілмесе өткізіп
9
алған уақытты қуып жету,жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді:
Сауықтыру міндеттері. 1.Бала ағзасын шынықтыру арқылы,сыртқы ортаның зиянды әсерін,ауаны,суды,күн қызуын дұрыс пайдалану арқылы бала денесі шынығады.Оның әр түрлі суық тию арқылы болатын тұмау,жөтелу,тамақ ауруларына қарсылық күштері көбейеді.
2.Қозғалыс-тірек аппаратын нығайту жане дұрыс мүсін қалыптастыру.
Қозғалыс белсенділігі көлеміне әсер ететін жалпақ табан болмауы үшін табан жане сирақ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларға көңіл бөлу.Бала денесі үйлесімді дамуы үшін денесінің екі жағындағы бұлшық еттерге бірдей мөлшерде жаттығулар беру.Күнделікті өмірде аз жұмыс істейтін бұлшық еттер топтарына көбірек жаттығулар беру.
Жас кездерінен балаға дұрыс мүсін туралы мағлұмат беру қажет.Еңкіштік,бір иықтың екіншісінен биіктігі,омыртқа қисаюы және т.б мүсін қисаюларын дұрыстаудың ең бір әректі амалы дене ж.т.т екені олардың әрқашанда ойларында болуы керек.
3.Вегетативтік органдардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарылату.
10
Баланың белсенді қозғалыстары жүрек-қан тамыры және тыныс алу
жүйелерінің,тамақ қорыту,дене температурасын реттеу жүйелерінің ағзадағы зат алмасу үрдістерінің қызметтерін жақсартады.Зәр шығару органдарындағы қатпа,зәр шықпай қалу үрдістерін болдырмайды.
4.Жылдамдық,үйлесімділік,төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу.Мектепке дейінгі жастарды дене қуаты мүмкіншіліктерінің бірін жеке дамытуға арнайы көңіл бөлуге болмайды.Қозғалыстарды әр түрлі құрастыру,амалдарын ауыстыру,әр түрлі бағыттау арқылы дене қасиеттерін кешенді,уйлесімді дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.
Білім беру міндеттері 1.Өмірге керек негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Жүйке жүйесінің икемділігі арқасында мектеп жасына дейінгі балалар жаңа қозғалыс түрлерін тез және оңай үйреніп алады.Дене өсуімен бірге олардың қозғалыс ептіліктері де қалыптаса бастайды:үш айда олар басын көтеріп,ұстап тұра алады;алты айлықтарында қолдарын қозғалтады,еңбектейді,шалқадан жатқан күйден ішіне аударыла,ішіне жатқан күйде қолымен тіреле кеудесін көтере алады;он бір айлығында отыру,жату,заттарға тіреле тұру,жүруді үйрету,бір жылда міндетті түрде жүруге үйрету қажет;үш жасында бала жүру,жүгіру,әр түрлі нәрселерге өрмелеу қозғалыстарын меңгеруі;төрт жасында әр түрлі заттарды
11
лақтыру,биік жерлерден секіру,заттарды қағып алу,үш дөңгелекті велосипедті тебе алу;алты-жеті жасында өмірде,тұрмыс жағдайында қозғалыстардың көпшілігін:жүгіру, жүзу,шаңғы тебу,секіру,басқышпен жоғары өрмелеу,кедергілерден асып өтулер және т.б орындай алулары керек.
2.Дене тәрбиесі сабақтарына деген тұрақты қызуғышылықтарын қалыптастыру.
Балалардың дене тәрбиесі жаттығуларына деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастырға ең қолайлы уақыт-мектепке дейінгі балалық кезең.Ол үшін балалар орындай алатын,орындалған жаттығулардан олар қанағат алып,ары қарайғы әрекеттерге ынтықтыратын тапсырмалар берілуі қажет.Орындалған тапсырмаларды бағалау көңіл бөлу,мадақтау дене тәрбиесіне деген жақсы көз қарас қалыптастырады,баланың дене жаттығуларымен тұрақты айналысуына ынтығуына себеп болады.
Балалардың ақылдылықтарын,дүние танымдарын көз қарастарын кең дамыту үшін,оларға жаттығулар жасау кездерінде дене мәдениеті,спорт саласындағы қарапайым білім негіздерінен мағлұматтар беріліп отыруы керек.
Тәрбиелік міндеттері 1.Балаларды моральді-жігерлілік қасиеттерге тәрбиелеу.Ол қасиеттер:адалдық,батылдылық,тәуекелшілдік,қайсарлылық,табандылық
12
т.с.с.
2.Дене тәрбесі арқылы балалардың ақылдылық, өнегелілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелеріне әсер ету,көмектесу.
Осы баяндалған сауықтыру,білім беру,тәрбиелеу міндеттері жеке-жеке қарастырылса да ,олар бір-бірлерімен тығыз байланысты.Сондықтан,балалармен жұмыс істегенде осы міндеттерді кешенді түрде орындаған дұрыс болады.Сонда ғана бала денесі,дене қуаты дайындылығы жағынан ғана емес,рухани жағынан да дамиды.