Дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға және ұдайы өзін-өзі, оның ішінде сыртқы, дене пішінін, жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған адамды жетілдіру жүйесі



бет2/7
Дата21.11.2022
өлшемі288,78 Kb.
#51583
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курстық жұмыс

Сабақ өткізу әдістемесі. Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп алу негізінден жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір
4
баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, смабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі олардың эмоциялық жағдайы әр түрлі жастағы топтарда қимыл материалдарының іріктеп алынуына , тәрбиешінің қолданылатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілед тартылса, оларды тұрақты зейінділік, эмоциялық жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі реакция байқалады.
Сабақтың типтері. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қимыл- қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастығы топта өткізіледі, әсіресе 1-4 сынып кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені
5
жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарынана да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын көздейді (мысалы, «Өзіңе серік тап», «Ең ынтымақ кімнің тобы?» , «Тап та үндеме» ойындары). Бұл типтегі сабақ қимыл қозғалыс ойындарының өзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шағармашылық әдістемесін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет