Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі,
16
тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
17
1.3. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары
Дене тәрбиесінің мазмұны,міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және
18
ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып,
19
оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады. Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азаматтардың оқып үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.
Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.
Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:
- оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;
20
- әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;
- мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;
- денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.
Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.
Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған. Жоғары дене дайындығы деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері мен жүйке-психикалық күштенудің әсері жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері бойынша басқа адамдарға қарағанда едәуір басымдықта болады.
21
Екінші міндет - дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.
Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады
Үшінші міндет – оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.
Жеке тұлға – адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.
«Жеке тұлға» ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы анықталатын белгілері айқындалады. Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген сапаларды дене мәдинеті мен спорт құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді
22
шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Төртінші міндет- оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділікті арттыру және кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені дене мәдениеті мен спорттың үдерісіндегі байланысы принципі өз көрінісін табады.
Кез келген спорттық міндетті шешу тек студенттің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше денсаулықты үнемі нығайту және ағзаны шынықтырудағы мақсатты міндеттерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мәдинеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.
Оқу және кәсіби қызмет үдерісінде пайда болатын әртүрлі бейнедегі қолайсыз қозғаушы күштердің (факторлардың) көптігі, адам ағзасының орнықты төзімділігін арттыру шараларын талап етеді. Мұның негізі, жан-жақты дене даярлығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.
Дене мәдениеті мен спорт саласындағы арнайы міндеттерді шешу жеке тұлғаның рухани және дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңызға
23
ие. Оларды орындау спорттың қандай да бір түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажетті мүмкіндігі болып табылады.
Дене мәдениетінің құралдары мен әдістері арқылы шешілетін арнайы міндеттер мыналар болып табылады:
- оқу аудиторияларындағы аз қозғалыстағы және бір сарынды еңбек немесе сабақ кезіндегі орныққан күш түсуіне төзу қабілеттілігін қалыптастыру;
- төзімділікті, шапшаңдықты және жауап беру және әрекет реакциясының дәлдігі, кеңістікте және уақытқа бағдар жасауды дамыту және жетілдіру;
- дененің үйлесімді салмағын сүйемелдеу;
- ыстыққа, суыққа, температураның ауытқуына ағзаның төзімділігін арттыру;
- батылдықты және шешімшілдікті, ұстамдылық пен сабырлылықты, бастамашылдық пен тапқырлықты, мақсатқа ұмтылушылық пен сезім күші орнықтылығын дамыту;
- жүйке және жүрек қан-тамырлары жүйесіндегі, асқазан-ішек жолдарындағы қызметтік бұзылуды, көздің қажуын, мүсіннің ауытқуын қалпына келтіру.
Арнайы міндеттер дене мәденитінің барлық тарауларын оқыту бағдарламасына ендіру, жекелеген тақырыптар бойынша шұғылдануға бөлінген оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу есебінен жүзеге асырылады.
24
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
25
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке
гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Дене тәрбиесін мектеп жасына дейінгі мекемеде іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• баланың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.