Зертханалық жұмыс Зерттеу жұмысының тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Балалардың дене тәрбиесі мен міндеттерін дамыту.
Зерттелінуші:2-3 сынып оқушылары
Зерттеуші:Тұрғанбай Бекәли
Зерттеу барысы: «Мемлекеттік диплом алдындағы тәжірибені» Еңбекшіқазақ ауданы,Бәйтерек орта мектебінде өткіздім.Мен практикалық жұмыс барысында оқушыларда дене жаттығуларымен тұрақты,жүйелі шұғылдануға және де қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастырдым.Жалпы мұғалім осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау,ұйымдастыру,орындау үшін мақсатты түрде жақсы,шебер жоспарлай білу қажет.Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар жүйелі,тиянақты жұмыс тудырады.
33
Қорытынды Қорыта келе айтпағым,дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өмірінде өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық және тазалықты сақтау әдеттерін бойларына сіңіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең
34
Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, балабақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқтаждығы өте төмен.Бала денсаулығын сақтаудың алғы шарттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай қажет болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша. Сондықтан оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептеу керек. Табиғаттың өзі адамның қолына физиологиялық теңдесі жоқ денсаулық тәсілін беріп отыр, ол- қимыл-қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, жігеріне, әркімнің өз басының тікелей жауапкершілігіне байланысты. Ал қимыл-қозғалыстың аздығы (гипокенезия) – денсаулықты бұзатын себептердің бірі.
Мектеп жасына дейінгі оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен балалар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Бұл тек күнделікті сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс шараларды да жүйелі жүргізу арқылы да іске асуы тиіс.
35
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Қазақ энциклопедиясы, 5том
2.Сағындықов Е.С
ISBN 5-625-01063-3