Самигуллин Нурбол фкс 21 1апта
Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттықнәтижелерге жетуге бағытталган.
Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:
белсенді еттер салмағының көлемімен;
еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);
жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.
Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар
статикалық және
динамикалық болып бөлінеді.
Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады.
Дегенмен де дене жаттығуының көпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру, жузу) болады.
Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық - күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді. Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық немесе динамикалык режимде керініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды. Күшті барынша кеп көрсетумен басты жаттығулардың ең жоғары ұзақтығы бірнеше секунд ғана құрайды. Үлкен қуат жұмсау, яғни салыстырмалы түрдегі үлкен күш пен жиырылу шапшаңдығы бір мезгілде көрінетін динамикалық жаттығулары шапшаңдық - күштілік жаттығулары болып табылады. Еттердің барынша жоғары қуаттылығын, жалпы қуаттылықтың 30-50 % -ын құрайтын (статикалық күш) сыртқы қарсылықтар кезінде дамытады. Күшпен жиырылатын еттер қатысатын жаттығуының ең көп ұзақтығы 3-5 сек. 2 минут аралығында болады. Шыдамдылық жаттығуына қимылды іске асыратын еттердің негізгі тобы жұмсалатын күш пен жиырылу шапшаңдығы онша кеп болмай, дамытатын жаттығуды, бірақ оларды қалпына ұстауға және бірнеше минуттен бірнеше сағаттарға дейін қайталауға болатындарды жатқызады
Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз – қозғалыс жеке дене мүшелеріне және жаттығуды орындауда жылдамдығы жоғары және орташа амплитудалық, бұлшық еттердің бағыты.
Жаттығу құралдармен және құралдарсыз орындалатын арнайы жаттығулар (гантельмен, нығыздалған доппен, гирмен, гимнастикалық таяқшамен, әртүрлі гимнастикалық құрал -жабдықтармен) орындалады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты – жаттығуларды сәл де болса қиындату, жаттығуларды үйрену, меңгеруге дайындау. Барлық гимнастикалық сабақтарда жалпы дене жаттығулары қозғалыс сапасын дамытуға арналады. Тыныс алуға, жүйкесін қалыптастыруға, еңбек қабілетін дамытуға, салауатты өмір сүру салтына баулып, денса улығын нығайтуға пайдасы көп.
Жалпы дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сипаттама:
1. Жалпы дене жаттығуына жай қарамай, айналысуына жай жаттығуларды үйрету, шамасы келгенше күрделі жаттығуларды бірнеше рет қайталау.
2. Арнайы дене мүсіндеріне және арнайы бұлшық ет топтарына жалпы дене жаттығуларының беретін әсері.
3. Жалпы дене жаттығуын қолдануда өзінің дене жүктемесін байқау.
Жүктеменің бағыттары аз-көп болуы жаттығудың өтілуіне байланысты.
Жалпы дамыту жаттығулары жасағанда, демалу жаттығуын көбірек пайдаланса, адамға түсетін жүктеме аз болады. Ал демалу жаттығуын аз қолданған жағдайда адамға түсетін жүктеме көбірек болады, шаршайды. Егер жаттығуды ойын ретінде қызықтырып өткенде, еңбек және қоғам жұмысына деген қызығушылығы арта түсіп, шаршау азаяды.
Жалпы дамыту жаттығуының классификациясы – адамның жан-жақты дамуына жаттығуды топ-топқа бөліп, қоғамның дене тұлғасына әсері бойынша жасайды:
1. Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
2. Иық және қол бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
3. Кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
4. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
5. Тұлғаның барлық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Шынығу жаттығуларын орындау, спортқа деген қабілетті арттыруға, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына, әдістемелік бағыттар бойынша жаттығу жасату. Мысалы: күшке, жылдамдыққа, икемділікке, төзімділікке, ептілікке арналған жаттығуды орындау кезінде тыныс алуға, дене құрылымының дұрыс өсуіне дене жаттығуының әсері көп.
Жалпы дене жаттығуының адам тұлғасының қисықтығына және тұлғаның қисықтығын жөндеуге көмектесу туралы іс-шара жұмыстары:
Адам дене тұлғасының дұрыс қалыптасып өсуіне жалпы жаттығудың әсері мол. Денені дұрыс тік ұстап, бел, омыртқа, құйрық, сан бұлшық еттеріне берілген жаттығуларды орындағанда көңіл бөліп, негізінен мән беріп тұру керек.
Егер де адам алға қарай еңкіш немесе бір жағы қисық болған жағдайда адамның дене тұлғасы дұрыс деп есептелмейді. Ондай жағдайда ол адаммен арнайы жаттығу жасап, жаман әдетті тастауға тәрбиелейді.
Жалпы дене жаттығуын қолдану әдіс-тәсілдері мен амалдары:
Жалпы дамыту жаттығуын құрғанда жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай отырып, дене дамуының деңгейіне де қарау керек. Жалпы дамыту гимнастикалық жаттығудың 8-15 түрі бойынша арнайы жаттығу құрастыру керек 1. Жаттығуды құрастырғанда адамның дене тұлғасының дұрыс өсуіне әсері.
2. Дене жаттығуының жұмыс қабілетін арттырудағы қан айналым жүйесіне бақылау, жай жаттығулар арқылы төмендегі жаттығулар беріледі. Орында жүру, аяқты жоғары көтеріп жүру, отырып тұру, әртүрлі еңкею жаттығулары, қолмен қимыл әрекет т.с.с. жаттығулар.
3. Адам тұлғасындағы еттерді дамыту үшін келесі жаттығуларды – мойын, иық, омыртқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне жасату.
Достарыңызбен бөлісу: |