Дене шынықтыру және спорт факультеті «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



бет3/4
Дата23.09.2022
өлшемі52,92 Kb.
#39996
түріРеферат
1   2   3   4
Фитобентос. Бентосты организмдер судың түбіндегі заттарға бекініп тіршілік етеді не бос жатады, сонымен бірге судың жоғарғы жағында қалқып, салындылар құрайды. Тұщы су бентосының құрамына барлық бөлімдердің өкілдері енеді. Су түбіндегі әр түрлі құрылыстар мен кемелердің астыңғы бөлімдеріне қаптап өсетін балдырларды перифитон деп атайды. Перифитондыларды жасыл (Ulotrix, Оedogonium), көк - жасыл (Lyngbia, Oscillatoria, Rivularia, Calothrix), т.б. диатомды (Achnanthes, Cocconies, Gomphonema) жылтырауық сары (Hydrurus, Phaeothamnion), т.б. балдырлар құрайды. Бұлар су бетіндегі құрылымдарға сорғыштары, кілегейлері, кілегей жіпшелері (жасыл, көк - жасыл, жылтырауық сары), төменгі жақтауларындағы тіректері (диатомды ) арқылы бекінеді.
Тұщы су бентосына жіп тәрізді жасыл балдырлар мен диатомды балдырлардың пеннаттылар класы харалар және көк - жасыл балдырлар жатады, бұлар 2-3 м тереңдікке өсіп салынды құрайды. Суы таза мөлдір көлдерде 20-30 м тереңдікке дейін барады.
Теңіз және мұхит бентосы негізiнен қоңыр және қызыл балдырдан аздаған жасыл, кейбір көк - жасыл балдырлардан құралады. Теңіз бентосын құрайтын өсімдіктерді судың тереңдігі мен жарықтың түсіне қарай вертикаль бағытта таралуын 3 белдеуге бөлуге болады.
1. Жағалық немесе литоральды белдеу - судың жоғарғы тасу жиегінен төменгі кейін қайту жиегіне дейінгі аралық. Мұны фукустар, жағалаулардағы басқа кішкене қоңыр қызыл және жасыл балдырлармен аралас қалың жайылым құрайды. Олар толқынның соғуына, судың кейін қайтқан кезінде кеуіп қалмауға және жарықтың мол түсуіне төзімді келеді. Соған байланысты мұндай балдырлардың сыртын кілегейлі пектинді клетка қабықшасы қаптап жатады.
2. Сублиторальды белдеу – судың төменгі кейін қайту жиегінен бастап 40 м тереңдікке дейін барады. Суы салқын және қоңыр салқын теңіздер мен мұхиттарда бұл белдеуде ірі ламинариялар мен қызыл балдырлар бірігіп, су асты орманын құрайды.
3. Элиторальды белдеу – 40 метр ден 100 метрге, кейде одан да тереңдікке кетеді. Бұл белдеуде бентос құрайтын өсімдіктердің түрі онша көп болмайды, көбінесе қызыл балдырлар кездеседі.
Судың температурасына байланысты балдырлардың маусымдық циклділігі байқалады. Көпжылдық балдырлардың тіршілік мерзімі 2-4 жыл, кейбіреулерінде 10-12 жылға барады.
Кемелердің су астындағы бөліктерінде балдырлардың қаптап өсіп кетуі олардың жүрісін баяулатады да, кеме қатынасына кедергі жасайды. Бұлардың болдырмау үшін кемелердің су астындағы бөлімдерін арнаулы улы бояулармен бояйды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет