Дене шынықтыру және спорт факультеті «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



бет1/4
Дата23.09.2022
өлшемі52,92 Kb.
#39996
түріРеферат
  1   2   3   4



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ


«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы


«Валеология және сауықтыру технологиялары»
РЕФЕРАТ
Тақырып:___________________________________________________


____________________________________________________________

Шымкент, 2021
Балдырлардың таралуы


Жоспар:

  1. Балдырлардың тіршілік ортасы

2. Балдырлардың экологиялық топтары.

  1. Балдырлардың симбиозы



1. Балдырлардың тіршілік ортасы
Балдырлардың басым көпшілігі сулы ортада тіршілік етеді. Автотрофты организмдер болғандықтан, олардың таралуына әсер ететін басты жағдайлар: жарық, температура, су көміртегі, минералдық тұздар мен органикалық заттар. Балдырлар басқа өсімдіктер сияқты жер бетінің барлық тіршілік ортасына: гидросфераға, атмосфера және литосфераға тараған. Оларды судан, топырақтан, жердің жоғарғы қабатынан, ағаш қабығының, үйлердің қабырғаларынан, тастардан, шөлді жерлерден, құмдардан, қардың, мұздың беттерінен кездестіруге болады. Балдырлардың таралуына әсер ететін факторларды абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп үшке бөлуге болады.
Абиотикалық факторларға температура, жарық, судың физикалық және химиялық қасиеттері, төсемік, ауаның құрамы мен жағдайы жатады. Балдырлардың таралуына әсер ететін бұл абиотикалық жағдайлар химиялық және физикалық болып екіге бөлінеді.
Химиялық факторлардың ең бас тыларының бірі - су. Клетка құ рамының көп мөлшері – су. Цитоплазмада судың мөлшері орта есеппен 85-90 % -дай. Су клетка құрамында конституционды және резервті жағдайда болады. Бірінші жағдайда макромолекула құрылымдары сутегі арқылы байланысса, екінші жағдайда резервті су вакуоляда болып, сутегі арқылы байланыста болмайды. Онда еріген әр түрлі заттар болады және клеткаішілік осмостық реттеуге қатысады. Тұщы суларда барлық тіркеспелілер, вольвокстер, эдогониялықтар, харалар, улоктрикстер, көпшілік кладофоралар, әр түрлі талшықтылар, криптофиттер көк - жасыл балдырлар, эвгленалылар, хризомонадалылар, хлорококктылар, диатомдылардың жартысы біразырақ динофиттер, криптофиттер аздаған қызыл, бірен - саран қоңыр балдырлар тараған.
Теңіздерде көпшілік қоңыр, қызыл, динофиттер мен криптофиттер, диатомдылардың жартысы, аздаған көк - жасыл, хлорококкты және әр түрлі балдырлар тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет