Дене шынықтыру және спорт факультеті «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



бет2/4
Дата23.09.2022
өлшемі52,92 Kb.
#39996
түріРеферат
1   2   3   4
Биотикалық факторларға басқа организмдердің тіршілік әрекетінің тікелей не жанама әсерлері жатады. Барлық жағдайда балдырлар органикалық заттардың қорын түзуші организмдер болып есептеледі Тропикалық суларда тіршілік ететін жасыл, қоңыр балдырлардың жұмсақ қабаттарын балықтар толық жеп тек жеуге жарамайтын қатты известелген қабықтары бар көк - жасыл балдырлардың түбірлерін қалдырады. Балдырлармен қоректенетін қарын аяқты молюскалар қаулап өсіп кетсе, онда литоралды белдеудегі балдырлар бірлестігінің дамуына зиян келтіреді. Кейбір балдырлар, екінші бір балдырлардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы ламинарияның зооспорасы қоңыр балдырларға жататын Ascophyllum бар жерде өспейді.
Биотикалық факторға балдырлардың басқа организмдермен селбесiп симбиоздық тіршілік етуі де жатады. Балдырлар саңырауқұлақтармен селбесіп қына құрайды. Сонымен бірге, омыртқасыз губка, гидра, т.б. организмдермен де селбесiп, тіршілік етеді. Кейде балдыр өсімдік тканіне еніпте селбесіп, өмір сүреді. Симбиоз балдырлардың экологиялық топтарында және қоректену бөлімінде қаралады.
Антропогендік факторлар. Адам биоценоздың мүшесі ретінде басқа организмдердің экожүйесіне биотикалық фактор ретінде әсер етеді. Су қоймасын салу, каналдар қазып, су организмдері үшін бұрынғыдан өзгеше жаңа тіршілік ортасына дайындайды. Таза суларға лас ағып келетін суларды қосу, ондағы балдырлар түрлерінің азаюына және құруына не болмаса шаруашылық үшін құны жоқ, екінші бір түрдің қаулап өсуіне әкеп соғады да, судың гүлденуін туғызып онда тіршілік ететін балықтардың және басқа организмдердің жойылуына әкеп соғады. Аэрофильді және топырақ балдырларына өнеркәсіптен ауаға шығарылып тасталатын түрлі улағыш заттар үлкен әсер етеді Соның нәтижесінде кейбір балдырлар түрі жойылып та кетеді.


2. Балдырлардың экологиялық топтары.
Балдырлар тіршілік жағдайының өзгергіштігіне, кейбіреулерінің тез бейімділігіне байланысты әр түрлі бірлестіктер немесе экологиялық топтар құрайды. Балдырлардың жиі тараған экологиялық топтары планктон, бентос және топырақ балдырлары болып бөлінеді.
Фитопланктон судың ішінде қалықтап тіршілік ететін микроскопиялық құрылымы бар ұсақ организмдер жатады. Оларды суда қалықтап ұстап тұратын әр түрлі қосалқы өсінділері, пластинкалары және парашют тәрізді аспалы жіпшелері болады. Меншікті салмағын азайтатын, клеткаларында қор заты ретінде май тамшылары кейбіреулерінің протоплазмасында ірі ауаға толы вакуолялары болады Көп мөлшерде кілегейдің бөлінуінен оның салмағы артпай, көлемі ұлғаяды, сөйтіп суда қалықтап тұрады. Фитопланктондардың ерекше бір бірлестігі нейcтoнды балдырлар болып табылады. Су беті пленкасының үстіңгі бетінде тіршілік етсе, оны эпинeйcтoн, ал су беті пленкасының астында тіршілік ететін гипонeйcтон деп атайды. Нейcтонды организмдер бөгет суларда және теңіздерде де кездеседі. Нейcтонды организмдерді жылтырауық сары (Chromulina, Kremastochrysis) эвгленалы (Eugleпа, Tracheloтoпas), кейбір жасыл (Chlamydomonas, Kremastochloris) бірен - саран сары - жасыл және диатом ды балдырлар құрайды.
Планктонды балдырлардың таралуы жарықтың түсу тереңдігіне байланысты. Тұщы суларда 10, теңіз суларда 100, кейде 400 метр тереңдіктеде таралады. Планктонды организмдерді бір клеткалы, қауымды және көп клеткалы көк - жасыл диатомды, жасыл, хризомонадалылар, динофиттер мен криптофиттер, балдырлар құрайды. Планктонды организмдер күндіз судың жоғарғы бетіне көтерілсе, түнде фотосинтездің жүрмеуінен және оттегi бөлінбеуінен судың түбіне қарай түседі. Фитопланктонның құрамы жыл маусымына қарайда өзгеріп отырады. Күннің ыстық кезінде көк - жасыл балдырлар қаулап өседі. Күзге қарай диатомды балдырлар көбейеді. Планктонды балдырлар біртіндеп судың түбіне шөгіп, тау жыныстарын құрауға қатысады. Мұны көбінесе диатомды балдырлар құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет