«дене шынықтыру және спорт менеджменті» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата24.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#96544
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Дене шынықтыру және

 
Ҧсынылатын әдебиеттер тізімі 
Арнайы әдебиеттер 
1. Есмағамбетов. «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» 
Қарағанды,2003ж. 
2. Переверзин М.Е. Менеджмент спортивной организации. 
М.,2000. 


42 
3.«Экономическая теория», В.Д.Камаев, Москва 1998 год 
4. Халықаралық Қазақтан сайты: "Қазақстан Бүгін" 
5.Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., 
Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 
2005ж. 
6.Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004 
7.Әубәкіров Я. Ә., Байжұмаев Б. Б., Жақвпова Ф. Н., Табеев Т. 
П. – Экономикалық теория негіздері/ оқу құралы – Алматы: 
Қазақ университеті, 1999ж. 
8.Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж. 
9.Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru) 
 
ДС 9-10-11. 
9-10-11 – тақырып. ДШ және С кәсіподақ жҥйесінде 
басқару. ДШ және С ҧйымдастыру. Оқушылардың дене 
тәрбиесін ҧйымдастыру. 
 
1. Жұмыс ішіндегі деректерді талдау 
Ӛткен жылдардағы айналымды талдау әдетте кесте
түрінде беріледі де, мұның ӛзі кӛп жылғы кезеңді қамтиды. 
Кестеде мыналар кӛрсетілуі тиіс: 
1. сату айналымы (саны); 
2. сату құны (айналымы); 
3. сату бағасы (ӛз ӛнімдері, бәсеке ӛнімдері); 
4. ӛз ӛнімдерінің ӛткізу болжамы; 
5. ӛткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы
кӛрсеткіштердің арасындағы ауытқулар. 
Әр ай сайынғы кӛрсеткіштерді осылайша мұқият талдау
және барлық ауытқу түрлерін мұқият қарастыру
мүмкіндіктері ӛткізудің болашақтағы деректерін болжауға
ықпал етеді. Ӛткізу статистикасы мынадай ӛзгерістер бойынша 
айқындалады: 
1. тауарлар және тауар топтары; 
2. сауда есебі, және ӛкілдіктер (сатушылар) есебі; 
3. сатып алушылар тобы; 


43 
4. тапсырыс (заказ) саны мен жиілігі; 
5. сату жиілігі. 
Тауарларды тобы бойынша айыру ӛте қажетті, ӛйткені
сауда бағдарламасы кӛбінесе едәуір ауқымды. Оның үстіне
тауарлардың кейбір түрлеріне сыртқы жағдайдың әр түрлі
әсері ықпал етеді. 
Сауда аудандары және аудан ӛкілдіктері бойынша айыру
жекелеген аудандарда тауарлардың ӛткізілуінің дамуын
кӛрсетуге, сауда қызметкерлерінің арасындағы ӛзара
байланысты жарнамалардың және жарнама құралдарының
тиімділігін талдауға, сондай ақ сатушылардың жалақы
деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді.
Барлық 5 пункт бойынша ӛткізудің жүйесі деректері 
ӛткізудің деректері мен мазмұны туралы мағлұмат береді. 
Тұтастацй алғанда фирма ішіндегі деректер ӛткізу жолдарын
кӛрсетуге, әрі оған жұмсалатын шығындарды белгілеуге
мүмкінді береді 
Рынок туралы деректерді талдау 
Рынок туралы деректерді алу ӛте қажет, ӛйткені бұрынғы
ӛткізу қызметінің кӛрсеткіштері болашақта ӛткізілуге тиісті
тауарларды бағалауға мүмкіндік бере қоймайды. Тек айналым 
кӛлемі мен рынок факторларының әрекеті арасындағы ара
қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты бағалауға
мүмкіндік береді. 
Батыс кәсіпорындарында мынадай кӛрсеткіштер талданады: 
1. аудандарға және жас топтарына бӛлінген тұрғын
халық санының динамикасы. Мұндай мәлімет халық
тұтанатын тауарларды сатуда ұйымдастыруда айрықша
маңызы бар; 
2. әр жан басына есептегенде тауар тұтынылуы. Мұндай
деректерді талдау тұтынушылардың талғам тілегіндегі
ӛзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді; 
3. халық (сатып алушылар) табысының динамикасы. 
Мұндай мәлімет шығынның бір түрінен екінші түріне 
ауысуын кӛрсетеді; 
4. сатып алу қабілетінің динамикасы; 


44 
5. рыноктағы барлық салыстырмалы тауарларға тұтастай
сұраныс динамикасы. Мұндай деректерді нақты
ӛнеркәсіптік саладағы ӛндірістік қуаттың пайдалану
статистикасы бойынша алуға болады. Осындай талдау
ӛзара алмасытырылатын тауарлардың пайдалануының
ауысу мүмкіндігін кӛрсетеді; 
6. бәсекелестердің ӛндірстік қуатының немесе нақты
салада жұмыс істейтіндер санының ӛзгеру динамикасы.
1-3 пунктер бойынша қандай мәліметтердің алғанына
қарай, кәсіпорын ӛзінің ӛндірістік бағдарламасын ӛзгертеді. 
4-6 пунткегі деректерді талдау, тауарларды 3-тпқа бӛлуге
мүмкіндк береді: 
- ӛскелең сұранысқа ие тауарлар
- бейтарап тауарлар; 
- сұранысы кеміген тауарлар; 
Рынок бойынша деректерді тұтастай талдау, оларды
фирма ішіндегі деректермен салстыру, рынок динамикасы
мен кәсіпорын меншігіндегі динамика аралығында
қалыптасқан пропорцияны бейнелейді. 
Жарнаманы жоспарлау 
Жарнаманы жоспарлау товарды ӛткізу жоспарымен бірге 
жасалады да, мұнда рынокты зерттеу нәтижесі және 
бәсекелестер қабылдаған шаралар ескеріледі. Ӛнімді ӛткізуде
жарнаманың тиімділігін дәл анықтау ешқашанда мүмкін
болмайтындықтан, кәсіпорын жарнама құралдарын
пайдаланған кезде қалауынша еркін әрекет ете алады. 
Дегенмен, жарнама бюджетін анықтауда мынандай
тәсілдер анықталады: 
1.айналым процессін анықтау; 
2. бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау; 
3. ӛзінде жұмсалған жарнама қаржыларын бағалау. 
Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама
құралдарының жалпы сомасы, ал екіншісімен - бӛлінісі
анықталады. Жоспарлар резервтерді ескере отырып жасалады. 
Жарнама шараларының жоспарына жататыны: 
1. күнделікті жарнама шараларын ӛткізу жоспары; 


45 

жарнама құралдары бойынша; 

жекелеген шараларды ӛткізу уақыты бойынша; 
2. кӛрмелер мен экспозициларға қатысу жоспары; 
3. жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, 
бұған резервтер де жатады. 
4. арнайы жарнама науқандарын ӛткізудің жеке
жоспары. 
Ірі американдық фирманың қожайыны жарнама бюджетін
талқылаған кезде былай деген кӛрінеді: осыған жұмсалған
ақшаның жартысына жуығы желге ұшқанын білемін, бірақ
оның неге тектен – тек жұмсалғанын білмеймін. Кӛп
жағдайда мұы ӛмірдің ӛзі дәлелдеп отыр. 
Ӛткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, 
жарнама шараларымен бір мезетте кәсіпорын имиджін 
(мәртебесін) сақтау және жақсарту мақсатында шаралар
жоспарын қабылдау қажет. Мұның ӛзі ӛкілеттік шығындарға
байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен
журналдарға хабарландырулар жіберу, т.б.). Осының
барлығының қоғамдағы байлансы қызметіне («паблик
рилейшнс») тікелей қатысы бар. 
Батыс рыноктары ауытқуын бағалағанда байқалатыны, 
фирмаларда баға үнемі ӛсіп, тұрақтанған, коньюктурасы
жоғарылаған сайын, олар жарнамаға ақшаны аямай
жұмсайды, ал тоқырау кезеңінде, үнемдей мақсатында
жарнама бюджетін әдетте қысқартады. Мұны циклды
жарнама деп атайды. Дұрысында тӛмен коньюктура кезеңінде
жарнама қызметін жандандыруы, яғни оны антициклы ету
қажет еді. 
Тауар ӛткізудің ақырғы жоспары 
Оның негізгі алынған деректерімен және болашақта ӛткізу
болжамымен қаланады. Тауар ӛткізуді әр айға және аптаға
жоспарланады. Егер тауарларды қайта бӛлу тенденциясы
байқалмаса, онда басты негіз ретінде тауарларды уақытша
қайта бӛліп ӛткізуді пайдаланады. Мұндайда жлдық мӛлшер 
шамасын 100% етіп алады да, айлық айналымды жылдық 
айналымның бӛлігі ретінде есептейді. 


46 
Бұл жылдық жоспар ӛндіріс жоспарына ықпал етеді,
ӛйткені ӛндіріс процессі, әдетте, тауар ӛткізумен қатар
жүреді. Дұрыстап бақылау үшін, тауар ӛткізу жоспарын тауар
ӛткізу статистикасымен жасайды. 
Жоспарды сандық кӛрсеткіштермен жасағаннан кейін, 
құндық кӛрсеткіштердің есебін жүзеге асырады, мұндайда
әдетте орташа бағаға сүйенеді. 
Содан кейін ӛнімнің жекелеген түрлері, тауар ӛткізу
аудандары мен сатып алушылар тобы бойынша ӛткізу 
шығындарының жоспары жасалады.
Осыдан кейін, ӛндіріс құны мен сату бағасының ең
тӛменгі деңгейі бойынша жоспарлы пайданы анықтайды. 
Мұнда ең кӛп жеңілдікті және тӛлем жағдайын анықтау
керек. 
Осы жоспарларға сәйкес жоспарлы тапсырмалар мен
барлық сатушылар үшін қосымша нұсқаулар жасалады. 
Сонымен, тауар ӛткізу жоспары қалған барлық
жоспарларды жасаудың негізі болып саналады және де
әрдайым бұған мыналар енеді: 
- мӛлшерлік (сандық) жоспар; 
- құн жоспары; 
- жеңілдіктер, мерзімдер және тӛлем жағдайлары туралы
нұсқаулар. 
Пайданы жоспарлау 
Пайданы (кірісті) жоспарлау – кәсіпорынды басқарудың
негізгі құралы. Кәсіпорын стратегиясы әдетте пайда табуға
тырысатындықтан, бұл жоспар ең ӛзектісі болып табылады. 
Пайдаы жоспарлаудың алуан түрлі тәсілдері болады, 
соның тӛртеуі неғұрлым кең тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет