50
құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи
және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит
еңбек ақы мӛлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын
түсіндірді.
Рикардо еңбек ақы теориясын Мальтустың халық
ӛсімі теориясымен байланыстырды. Еңбек ақы, осы теория
бойынша, халықтың табиғи ӛсуіне сәйкес күнкӛріс заттарының
минимумына ұмтылады. Маркстік тұжырымдамаға сәйкес еңбек
ақы еңбек бағасы емес, ӛйткені еңбек тауар емес, олай болса
оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал еңбек ақы
осы тауардың бағасы, оның құнының ақшалай кӛрінісі.
Жұмысшы еңбек ақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті
еңбек мӛлшерінің құнын алады. Еңбек ақының экономикалық
маңызы мынада, осы табыс арқылы ӛндірістің жеке факторының
орны толтырылады, адамның материалдық және рухани
қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке
дайындығы жүзеге асырылады.
К.Маркс жұмыс күшінің құны
мен еңбек ақы күнкӛріс заттарының физикалық минимумымен
емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен
анықталады деді.Еңбек ақының мӛлшері жұмыс күшінің құнына
әсер ететін еңбек ӛнімділігіне, еңбке қарқындылығына, еңбектің
күрделілігіне тәуелді.Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс
тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең еңбек ақы
бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: