«дене шынықтыру және спорт менеджменті» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата24.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#96544
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Дене шынықтыру және

5.Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны 
есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған 


61 
күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру 
күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ 
қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 
100% мӛлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен 
ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар 
қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 
жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан кӛп балалары бар 
қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мӛлшерінде – үздіксіз жұмыс 
стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. 
Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай тӛлемдер 
ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы): 

пайдаланылмаған демалыс үшін ӛтемақы; 

материалдық кӛмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы; 

тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар
мен үстемелер; 

арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың 
құны; 

біржолғы кӛтермелеу тӛлемдері; 

бағалы қағаздар бойынша дивидендтер

оқушылардың, 
студеттер 
мен 
аспираттардың 
степендиялары; 

қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа 
байланысты ертігуі немес ӛзге жарақаттануын тӛлеу және 
ӛтемақы беру. 
2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры 
2007 
жылғы 
қаңтар-тамызда 
филиалдарды, 
сондай-ақ 
жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, 
білім беру, басқару органдарын, қоғамдық, банктік, сақтандыру 
ұйымдарын қосқанда орта және ірі кәсіпорындардағы 
қызметкерлер еңбек ақысының жалпы қоры 110,6 млрд. теңгені 
құрады (2007 жылдың қаңтар-тамызына қатысты алғанда 
119,9%). Ӛнеркәсіптің үлесіне еңбек ақы қорының 35,2%-ы, 
білім беруге – 14,1%-ы, мемлекеттік басқаруға – 10,8%-ы, кӛлік 
пен байланысқа – 9,7%-ы, денсаулық сақтау және әлеуметтік 
қызмет кӛрсетуде – 8,1%-ы тиеді. Осы салалардағы жалақы қоры 
тиісінше кӛлік және байланыста (26,3%-ға), ӛнеркәсіпте (25,4%-


62 
ға), білім беруде (11,1%-ға), денсаулық сақтау мен әлеуметтік 
қызметтерде (10,0%-ға), мемлекеттік басқаруда (5,3%-ға) ӛсті. 
Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен 
қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 
2008 жылғы қаңтар-тамызда 47357 теңгені құрады және 2007 
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға ӛсті. Орташа 
айлық еңбек ақының ӛсуі құрылыста – 30,9%-ға, ӛнеркәсіпте – 
26,2%-ға, ауыл шаруашылығында, аңшылық және орман 
шаруашылығында 
– 
23,5%-ға, 
сауда; 
автомобильдерді, 
тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды 
жӛндеуде – 23,1%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар, 
жалгерлік және қызмет кӛрсетуде – 22,5%-ға, қонақ үйлер мен 
мейрамханаларда – 19,4%-ға, балық аулау және балық ӛсіруде – 
18,4%-ға облыс бойынша орташа кӛрсеткіштен жоғары 
қалыптасты. Нақты кӛріністегі орташа айлық атаулы еңбек ақы 
0,1%-ға кеміді. 2008 жылғы тамызда бір жұмыскердің орташа 
айлық атаулы еңбек ақысы 50608 теңгені құрады және 2007 
жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 17,1%-ға артып, нақты 
кӛріністе 1,7%-ға тӛмендеді. Атаулы еңбек ақының деңгейі ең 
тӛменгі күнкӛріс мӛлшерінен (12800) 4,0 есеге, еңбек ақының ең 
тӛменгі шамасынан (12025 теңге) 4,2 есеге асып түсті. 2008 
жылғы қаңтар-тамызда жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан 
жоғары ірі және орта кәсіпорындар бойынша еңбек ақы қоры 
99,4 млрд. теңгені құрап, 2007 жылдың қаңтар-тамызындағы 
деңгейден 22,0%-ға асып түсті. Ӛнеркәсіптің үлесіне – 39,0%-
дан, білім беруге – 11,6%-дан, кӛлік және байланысқа – 10,6%-
дан, мемлекеттік басқаруға – 8,8%-дан келді. Ірі және орта 
кәсіпорындардың жұмыскерлерінің орташа айлық атаулы еңбек 
ақысы 49063 теңгені құрады және 2007 жылдың қаңтар-
тамызымен салыстырғанда 18,4%-ға, нақты кӛріністе – 0,5%-ға 
артты. Нақты еңбек ақы индексі тамыз айында 2008 жылғы 
шілдеге қатысты алғанда 1,9%-ға, 2007 жылдың тамызына
қатысты 
алғанда 
1,8%-ға 
азайды. 
Еңбек 
ақыдағы 
айырмашылықтар облыстың қалаларына да, аудандарына да тән. 
2008 жылғы қаңтар-тамыздағы ең жоғары атаулы еңбек ақы 
Риддер қаласында (60100 теңге), ең тӛмен еңбек ақы – 


63 
Тарбағатай ауданында (28902 теңге) тіркелді. Облыс бойынша 
орташа алғандағы шамадан жоғары еңбек ақы облыстың 3 
ӛңірінде, тӛмен еңбек ақы мӛлшері – 16 ӛңірде қалыптасты.
2007 жылдың қаңтар-тамызына қатысты алғанда Риддер 
қаласында (30,2%), Глубокое (25,9%), Ұлан (23,8%), Бородулиха 
(23,4%), Зырян (22,9%), Шемонаиха (19,6%) аудандарында 
атаулы еңбек ақының айтарлықтай жоғары ӛсімі байқалды. 
Қазақстанның барлық ӛңірлері бойынша 2007 жылдың 
тамызына қатысты алғанда 2008 жылғы тамызда орташа айлық 
атаулы еңбек ақының тұрақты ӛсуі байқалады. 2008 жылғы 
қаңтар-тамызда Республика бойынша орташа айлық атаулы 
еңбек ақы 59,1 мың теңге кӛлемінде қалыптасты. Республика 
бойынша орташа алғанда атаулы еңбек ақының ӛсу қарқыны 
117,8%-ды, нақты жалақы индексі – 98,7%-ды құрады. Шығыс 
Қазақстан облысында тиісінше 117,8-ды және 99,9%-ды құрады. 
2008 жылғы қазанында бір қызметкердің орташа айлық 
атаулы еңбек ақысы 53553 теңгені құрап, ӛткен жылдың тиісті 
кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға ӛскен, нақты кӛрінісінде -
0,3 пайызға, қаңтар-қазанында – 53010 теңге, атаулы кӛрінісінде 
15,5 пайызға ӛсті, ал нақтыда – 1,3 пайызға тӛмендеді. 
Жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының кӛбеюі 
экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. 2008 
жылдың 
қазанында 
ӛткен 
жылдың 
тиісті 
кезеңімен 
салыстырғанда қызметкерлердің еңбек ақысы ӛнеркәсіп 
саласында 25,6 пайызға, саудада – 23,8 пайызға, құрылыста – 
22,7 пайызға, жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге 
асыру саласында – 22,4 пайызға, кӛлік және байланыста – 16,5
пайызға ӛсті. 
2008 
жылдың 
қазанында 
қаржы 
саласындағы 
қызметкерлердің орташа еңбек ақысы 87,7 мың теңгені құрды, 
бұл облыс бойынша орташа еңбек ақыдан 1,6 есеге жоғары, 
кӛлік және байланыста – 74,5 мың. теңге (39,2 пайызға), 
жылжымайтын 
мүлікпен 
операцияларды 
жүзеге 
асыру 
саласында – 69,2 мың теңге (29,3 пайызға), құрылыста – 64,0 
мың теңге (19,6 пайызға). Ең тӛменгі еңбек ақы ауыл 
шаруашылығы қызметкерлерінде – 22994 теңге болып 
2008


64 
қалыптасты (бұл облыс бойынша орташа еңбек ақыдан 57,1 
пайызға тӛмен), коммуналдық, ӛлеуметтік және дербес қызмет 
кӛрсетуде – 31778 теңге (40,7 пайызға), білім беруде – 32689 
теңге (38,9 пайызға), денсаулық сақтау және әлеуметтік 
қызметтер саласында – 36913 теңге (31,1 пайызға),. 
Ӛнеркәсіптегі еңбек ақы 2008 жылдың қаңтар-қазанында 
100131 теңгені құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен 
салыстырғанда 25,6 пайызға ӛсті. Ӛнеркәсіп салалары ішінде ең 
жоғары еңбек ақы алатын ӛңдеу саласынын қызметкерлері, 
мұндағы еңбек ақы 168,5 мың теңгені құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет