Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері: бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру;
оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
қозғалыс қасиеттерін дамыту;
қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді дамытуға көмектесу;
сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
Оқытудың деңгейлері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының сабақтастық қағидасын сақтау қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |