«Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы



бет24/28
Дата20.05.2022
өлшемі173,55 Kb.
#35136
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
«Дене т рбиесін о ытуды теориясы мен дістемесі» кафедрасы

Жоспары: 1.Жүрекке жалпы сипаттама беру. Оның топографиясы, пішіні, көлемі.
2.Жүректің құрылысы: қабырға қабаттары, камералары, қақпақшалары, өзінің қан тамырлары.
3.Жүректі нервтендіру, қанмен қамтамасыз ету және лимфаның ағуы.
Жабдықтау: 1.Жүректің препараттары, модельдері.
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 57, 58 /a,б/, 60.
Тексеру сұрақтары:
1.Жүрек қай жерде орналасады? Және қандай мүшелермен шектеледі?
2.Жүрек қандай қуыстардан тұрады? Қайсылары араласып тұрады, қалай?
3.Эпикард, миокард және эндокард дегендер не? Олардың ерекше құрылысы неде?
4.Жүрек айналасындағы бос кеңістік және оның қоржынының атқаратын қызметі.
5.Жүрек қақпақшалары, қызметі.
6.Жүрек қабырғаларының құрылысында қандай ерекшеліктері бар?
7.Жүректің өзінің қан тамырлары, олардың топографиясы.
8.Жүректің өткізгіш жүйесінің құрылысы қандай? Оның құрамына не кіреді?
9.Жүректің босауы мен жиырылуы қалай деп аталады?


10. Ішкі секреция бездері
Тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің құрылысы.
Мақсаты: Ішкі секреция бездерінің мүшелерінің ерекше құрылысы және нерв пен қан тамырлар байланысын анықтау. Ағзаның дамуы мен зат алмасуындағы рөлі.
Жоспары: Ішкі секреция бездерінің топографиясы, орналасуы.
2.Олардың құрылысындағы жалпы және жеке ерекшеліктері. Пайда болуы және оларға классификация беру.
Жабдықтау: Ішкі секреция бездерінің модельдері.
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 72.
Тексеру сұрақтары:
1.Ішкі секреция бездерін атау, оларға классификация беру.
2.Ішкі секреция бездері сыртқы секреция бездерінен қандай айырмашылығы бар?
3.Жеке бездердің топографиясы.
4.Ішкі секреция бездерінің зат алмасудағы атқаратын рөлі.
5.Қандай бездер ішкі және сыртқы секреция рөлін атқарады, атау.
6.Ұйқы безінің құрылысы қандай?
7.Жыныс бездерінің құрылысы және атқаратын қызметі қандай?
8.Қандай мүшелер, ішкі секреция бездерінен басқа, гормондар бөле алады?


11. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы.Нерв жүйесінің құрылысы. Нерв ұлпасы. Жұлын.
Мақсаты: Нерв ұлпасының құрылысын, жұлынның құрылысын, рефлекторлық негіздерін түсініп, меңгеру.
Жоспары: 1.Нерв ұлпасының құрылысын, нерв жасушасының, нерв талшықтарының және нерв дінінің көлденең және тікелей кесінділерін зерттеу.
2.Жұлынның құрылысы: ақ зат пен сұр заттың орналасуы, сегментарлық құрылысы, жұлынның қабықтары, қанмен қамтамасыз етілуі.
Жабдықтау. 1.Нерв ұлпасының және нерв жасушаларының микропрепараттары.
2.Нервтердің көлденең және тікелей кесінділерінің микропрепараттары.
3.Жұлынның моделі.
Таблицалар мен планшеттер.
Сурет салу: 73,74,75,89.
Тексеру сұрақтары:
1.Нерв ұлпасының құрылысы қандай?
2.Нерв жасушаларының басқа жасушалардан ерекшелігі неде?
3.Нерв пен нерв талшығының құрылысы. Қандай нерв талшықтары бар?
4.Нейроглия дегеніміз не? Маңызы неде?
5.Жұлынның сыртқы құрылысы қандай?
6.Жұлын түйіндері неден тұрады, артқы және алдыңғы түптер.
7.Жұлынның сегментіне не кіреді?
8.Жұлын қабаттары, олардың атқаратын қызметтері.
9.Орталық арна деген не, немен толтырылған?
10.Нерв орталықтары деген не, және қайда орналасады?
11.Рефлекторлық доға қандай тізбектерден тұрады?


12. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бас ми.
Мақсаты: Бас мидың құрылысын, ақ зат пен сұр заттың орналасуын меңгеру.
Жоспары: 1. Бас миға жалпы сипаттама беру.
2.Бас мидың бөлімдерінің құрылысы: сопақша ми, артқы, ортаңғы және аралық ми.
3.Ретикулярлы формация, оның топографиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет