Нағыз артриттер сирек байқалады, көбіне буын сырты тіндер зақымдалады. Осыдан қол ұшы, білезік, шынтақ, иық, тізе буындары қызарып, ісінеді, қозғалысы шектеледі
4. Кальциноз синдромы
Ересек жастағы науқастарда көп байқалмайды. Кальций тұздары зақымдалған бұлшық ет арасына не тері астына жиналады. Кальцинаттар шынтақ, тізе, бөксе бетінде орналасады.
5. Жүрек зақымдалуы
Науқастардың 25-50% де кездеседі. Жүректе қабыну, дистрофиялық, некроздық бұзылыстар дамиды.