Лабораториялық зерттеудің нөтижелері
бет 9/14 Дата 26.12.2023 өлшемі 3,58 Mb. #144244
Байланысты:
Дәнекер тінінің жүйелі аурулары 1. Қанның жалпы анализі. Жүйелі қызыл жегіге цитопения синдромы тән (лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения). Лейкоциттік формула солға , кейде промиелоциттерге, миелоциттерге дейін ығысады. Қызыл қан жағынан гипохромдық анемия және Кумбс сынамасы оң гемолиздік анемия дамуы мүмкін. ЭТЖ жоғарылайды. Дифференциалдық диагностика. Емі Диетотерапия. Тағамда витаминдер , әсіресе, С, В топ витаминдері және қанықпаған май қышқылдары мол болуы тиіс. Ісіну синдромы болғанда су мен натрийдің мөлшері шектеледі. Бүйрек шамасыздығы болса — диетаға тиісті коррекция енгізіледі. Этиологиялық емі табылмаған. Патогенездік емнің мақсаттары: 1) иммундық қабынуды және шексіз өрістеген иммундық реакцияны тежеу; 2) иммундысупрессиялық емнің болуы мүмкін асқынуларының алдын алу ; иммундысупрессиялық емнің асқынуларын емдеу; аса айқын білінген синдромдардың бетін қайтару ; қанайналымдағы иммундық комплекстерді, антиденелерді организмнен алып шығу. Иммундық қабынуды және иммундыкомплекстік патологияны емдеуге иммунды супрессорлық дәрмектерді қолданады: глюкортикоидтарды, цитостатиктерді , аминохинолин Кортикостероидтық ем Кортикостероидтык емді жегі процесінің ІІ-ІІІ дәрежелі активтілігінде қолданады. Активтіліктің II дәрежесінде преднизолонның дозасы 30-50 мг, III дәрежесінде — 50-90 мг шамасында. 24-48 сағаттан кейін науқастың жағдайы жақсармаса , бастауыш дозаны 25-30% көбейтеді. Тері-буын синдромында 25-30-40 мг жеткілікті. Висцеральдік зақымданулар болғанда преднизолонның дозасы 60 мг-нан кем болмауы тиіс. Орталық нерв жүйесінің зақымдануында немесе аутоиммундык анемия, тромбоцитопения болғанда тәулігіне 80 мг преднизолон беріледі. Достарыңызбен бөлісу: