Жалаңаш сезімтал жүйке үштары-сезімтал нейроциттер лендриттерінің ешқандай қабықпен қапталмаған жалаңаш соңғы тармақтары.Олар көбіне әсіресе, сиырдың және қойдың қаңсарлары мен жылқы еріннің эпидермистері эпидермистерінің аралықтарында тері түктері фолликулларының айналасындағы дөнекер ұлпасында көптеп орналасқан.
Қапталған сезімтал жүйке ұштары да, сезімтал нейроциттер дендриттерінің соңғы тармақтары.Бірақ жүйке ұштары жалаңаш емес.Олар арнайы сезгіш қабықтармен немесе қапшықтармен қапталған. Жалаңаш сезімтал жүйке ұштары өздері жүйкелендіретін құрылымдарды сыртынан шырмай қаптап жатады.Олардың пішіндері жекеленген тармақтар, шумақ немесе ілмек тәрізді болып келеді. Қапталған сезімтал жүйке ұштары өз кезегінде :қапшықталмаған және қапшықталған рецепторлар болып екіге бөлінеді.