Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары



бет13/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Дәнекер ұлпалары

Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы жүректің ортаңғы етті қабығы - миокардты құрайды. Аталмыш ұлпа көлденең жолақты жүрек ет ұлпасының торшалары - кардиомиоциттерден болып екі түрге бөлінеді. Жұмысшы немесе жиырылғыш кардиомиоциттердің ұзындығы 100-150 мкм, көлденеңі 10-20 мкм, пішіні цилиндр тәрізді ұзынша болып келді. Жүрек ет торшасының екі ұзын ұштарындағы кардиомиоциттердің сарколемманың өте ұсақ келген, пішіні саусақтарға ұқсас өсінділер түзеді. Кардиомиоциттер ұштарындағы осы саусақтары тәрізді өсінділері арқылы бір-бірімен өзара тізбектеле байланысып, ұзын келген бұлшық ет талшықтары тәрізді құрылымдар түзеді. Кардиомиоциттер ұштарындағы өсінділерінің бір-бірімен қатпарлана байланысқан жерін ендірме дискілер- деп атайды. Жұмысшы кардиомиоциттің сопақша келген ядросы торшаның орталық бөлігінде, ал оның миофибриллалары кардиомиоцит цитоплазмасының шеткі жағына ығыса орналасқан. Диаметрі 1-3 мкм миофибриллалардың құрылысы бұлшық ет талшықтары миофибриллаларының құрылысына ұқсас. Торшаның жалпы органеллалары ядроның екі ұштары маңында орын тебеді. Органеллалардың ішінде митохондриялар жоғары дәрежеде жетілген. Олар миофибриллалар айналымында тізбектеле орналасады. Агранулалы эндоплазмалық тор өзекшелері де миофибриллалардың аталықтарында ұзынынан жатады. Миоглобиндер кардиомиоцит цитоплазмасында біркелкі тараған, қосындылардан гликоген дәншелері, липид тамшылары және лилофусцин пигменті кездеседі. Жануарлардың жасына байланысты липофусциннің саны көбейе береді. Жануарлардың жасына байланысты липофусциннің саны көбейе береді. Бұл пигменті "қартаю пигменті" - деп те атайды. Кардиомиоцит плазмолеммасы телофрагма (z сызығы) деңгейінде торшаның ішіне қарай қатпарлана еніп, кең қатысты көлденең түтікшелер (tubulus transversus) түзеді. Бұларды Т түтікшелер - деп атайды. Бұл түтікшелердің бұлшық ет талшықтарындағы Т түтікшелерден айырмашылығы торша ішіне қарай Т түтікшелермен бірге, оларды сыртынан қалтай плазмолемманың негіздік жарғағы қоса енеді. Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы еріксіз жиырылады.

Арнайы жиырылғыш ұлпаларға сүт, сілекей, тер бездерінің миоэпителиоциттері, көздің нұрлы қабығының миопигментоциттері, көз қарашығының тарылтқыш миоциттері жатады. Миоэпителиоциттер – пішіні себет тәрізді көп өсінділі торшалар. Олар жоғарыда аталған бездердің бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерін сыртынан себет тәрізді қаптап жатады. Бездердің соңғы бөлімдері секретке толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып, олардың қуысындағы бөліндінің бездердің шығару өзектеріне бөлініп шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұл процесті миоэпителиоциттер цитоплазмаларындағы жиырылғыш белоктардан құралған миофиламенттер іс жүзіне асырады. Қалған арнайы жиырылғыш ұлпалардың құрылысы бірыңғай салалы жолақсыз ет ұлпасына ұқсас. Олар еріксіз жиырылатын миоциттерден тұрады.

Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы мезодерманың миотомынан, көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы мезодерманың спланхнотомынан, миоэпителиоциттер мен көздің нұрлы қабығының миопигментоциттері және көз қарашығын тарылтқыш миоциттер эктодермадан дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет