Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары


Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы



бет12/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Дәнекер ұлпалары

Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы қаңқаның, тілдің, жұтқыншақ, өңештің алдыңғы бөлігінің көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшық ететін құрайды. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан (бейторшалық құрылым) тұрады. Миосампласт сыртынан сарколммамен қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшық ет талшықтарының сопақша келген мыңдаған ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында орналасады. Миосимпласттарда командалық эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы жалғасып, байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық топ деп атайды. Митохондриялар миофибриллардың аралықтарында орналасады. Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын гликоген дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу пигменті - миоглобин болады. Бұлшық ет талшықтарының арнайы органеллалары- миофибриллалар миосимпласт ядроларын сароплазмаған қарай шетке ығыстырып, цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын орналасады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм.

Миофибриллалар ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш белоктар актин және миозин жіпшелерінен құралған. Соңғы аталған белокты жіпшелерден миофибриллаларды құрып, оларды бекітіп ұстап тұратын телофрагамалар мен мезофрагмалар құрылымдарын титин және небулин белоктары құрайды. Телофрагма (z сызығы) миосимпластақа көлденең орналасып, миофибриллалардың құрылымдық бірлігі - саркомерлерді шектеп, оларды бір-бірінен бөліп тұрады. Телофрагманы құрайтын белоктар молекулаларының торы миосимпласт сарколеммасымен байланысып, миофибриллалар үшін тіректік қызмет атқарады. Телофрманың қалыңдығы 100 на. Миофибрилланың көрші екі телофргма аралығындағы саркомердің қақ ортасында мезофрагма (М - сызығы) орналасады. Мезофрагма да жоғарыда аталған белоктардан түзілген. Бұлар да тіректік қызмет атқарады. Мезофрагмадан тезофрагмаға қарай миозин миофиламенті бағытталып кездесіп, бір-біріне жанаса кіріп, біраз аралықта параллельді орналасып, кірмелер түзеді.

Миофибриллаларды құрайтын миозин мен актин филаментерінің өзара орналасу орындары ерекше. Диаметрі 10 нм, ұзындығы 1,5 мкм әр бір миозин филаментін, диаметрі 5 нм, ұзындығы 1 мкм алты актин филаменті қоршап жатады. Тек миозин филаментінен құралған М сызығының екі жағындағы ақыл аймақты Н жолақ - деп атайды.

Телофрагма аймағында миосимпласт сарколеммасы ішке қарай қатпарлана еніп, көлденең түтікшелер (Т - түтікшелерді) түзеді. Олардың құрамына негіздік жарғақ кірмейді. Актин миофиламенттері - нзотропты (I) ақшыл дискілерді, миозин миофиламенттері анизотропты (А) күңгірт дисклеріді құрайды. Осы ақшыл және күңгірт дискілер кезектесе орналасып, мисфибриллалардағы миосимпласттың (ет талшықтарының) көлденең жолақтарын жасайды. Себебі, миосимпласттағы барлық миофибриллалардың кезектесе орналасқан ақшыл және күңгірт дикслері бір деңгейде жатады. Ет ұлпасының "көлдене жолақты" - деп аталуы осыған байланысты. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы ерікті жойылады. Миосимнласттар бір-бірімен жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар (эндомизий) арқылы байланысып, ет талшықтарының шоғырларын түзеді. Ет талшықтарының шоғырлары бір-бірімен өзара жалпақтау дәнекер ұлпалық аралықтармен (перизий) байланысып, бұлшық еттеріді құрайды. Бұлшық еттер сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен (эпимизий) қапталған. Құрылысы жағынан бұлшық еттер паренхималы мүше. Оның паренхимасын ет талшықтары, ал олардың аралығындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйке өтетін дәнекер ұлпалық аралықтар мен ет қабығы (эндомизий, перимзий, эпимизий) бұлшық еттің стромасын құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет