Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет23/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ӛзін тексеру сұрақтары 
1. «Құндылық» терминін толыққанды зерттейтін ғылым? 
2. Мәдениеттің адамдық тұрғыдағы құндылықтық ӛлшемі. 
3. Мәдениеттің құндылықтық-танымдық қызметі. 
4. Діннің қоғамдағы құндылықтық қызметіне тоқталыңыз? 
5. Білім - мәдениет пен құндылықтың кӛрсеткіші ретінде.
Б) Бұқаралық мәдениет феномені 
Бұқаралық мәдениет қазіргі заманғы мәдениеттануда белгілі бір нәтижені 
кең кӛлемде тарата алу мүмкіндігі бар «орта топ» тұтынушыларына 


лайықталған рухани ӛндірістің арнайы кӛптүрлілігін белгілеу мақсатында 
қолданылған термин. Бұқаралық мәдениеттің пайда болуын ӛздеріне қызмет 
ету үшін жалданбалы жұмысшылар армиясын құру қажеттілігін туғызған ірі 
шаруашылықты 
ӛндіріс 
қалыптасуының 
кезеңімен 
байланыстырады. 
Феодалдық қоғамдағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымның бұзылуы, үйреншікті 
іс-әрекеттер формалары және олармен байланысты рухани дәстүрлерінен 
ажыраған дүйім жұрттың пайда болуымен қатар жүрді. Бұқаралық мәдениет бір 
жағынан, жалдамалы жұмысшылар мен қызмет етушілер қатарынан тұратын 
жаңа әлеуметтік қабаттың ӛзіндік бір қалалық-халықтық мәдениетін құруға 
деген талпынысы болса, екінші жағынан, үстемдік ететін саяси және 
экономикалық құрылым мүддесіндегі бұқаралық сананы басқару құралы 
ретінде пайда болды. Бұқаралық мәдениет жүріс-тұрыс үлгісі мен әлемді 
танудың бұлыңғыр кодексін қалыптастыратын идеалға деген адамзаттың 
табиғи сағынышын қандыруға ұмтылады.
Бұқаралық мәдениет архетиптік пікірлер мен сезімдерді (махаббатты қажет 
ету, алынбаған асу алдындағы қорқыныш, табысқа ұмтылу, ғажайыптың 
болатынан сену және т.б.) балалардың шындықты тікелей қабылдауының 
аналогиясы сияқты тұтынушылардың эмоционалдық реакциясына есептеп 
жасайды. Бұқаралық мәдениет тұтынушылар тарапынан ӛздерінің қарапайым 
тіршілік етулерінен гӛрі барынша шынайы, әрі рас деп қабылдайтын ӛзіндік 
әлемді құрастыра отырып қазіргі заманғы мифологияны жасайды. Бұқаралық 
мәдениеттің мәнді жағына, табысты болған жағдайда қомақты пайда алып 
келетін кӛркемдік және техникалық әдістерге сәйкес таңдауды анықтайтын 
тұтынушыға бағытталған (жас мӛлшерлік, әлеуметтік және ұлттық топтар) 
нақты таңдау жатады. Бұқаралық мәдениетке ӛз қабылдауына белгілі бір 
интеллектуалды күш талап ететін кӛркемдік жағынан ерекше құндылықтық 
нәтиже жасауға қабілетті элитарлық мәдениет қарсы қойылады.
Бұқаралық мәдениеттегі жаңашылдық элементтері айтарлықтай емес, 
себебі оны жасаушылар бұқаралық сана үшін кӛбіне «жоғарғы» мәдениет 
жетістіктері нұсқаларының ескірген, үйреншіктіге айналған формаларымен 
айналысады. Бірақ бұқаралық мәдениетті таза ӛнермен еш қатысы жоқ, 
әдепсіздер мен нашар талғамдылар қорығы деп есептеу қажетсіз. Шын мәнінде, 
бұқаралық 
мәдениет 
жалпыға 
қабылданған 
элитарлық 
мәдениет 
құндылықтарымен дәстүрлі халықтық мәдениет арасын дәнекерлеуші, 
сабақтастырушы қызметін атқарады. Эзотериялық ашылымдар мен маргиналды 
кӛркемдік эксперименттерді «аңқау» сана бӛлігіне айналдыра отырып, 
бұқаралық мәдениет оның баюуы мен дамуына ықпал етеді. Сонымен бірге, 
қоғамдағы бұқаралық кӛңіл-күй мен бағдардың тіршілік етуін негізге ала 
отырып, бұқаралық мәдениет элитарлық мәдени шығармашылыққа кері әсерін 
тигізіп, белгілі бір дәрежеде мәдени дәстүрдің қазіргі заманға лайық болуын 
міндеттейді.
Бұқаралық мәдениет динамикасы қоғамдағы рухани ӛмірдің негізгі 
тенденциялары және әлеуметтік идеалдар мен дүниегекӛзқарастық үлгілер 
эволюциясына нақты мінездеме бере алады. Бұқаралық мәдениет ӛз жанынан 


қазіргі заманғы ӛркениетті тудырады. Бұқаралық мәдениеттің барынша жарқын 
феномендері (комикстер, «қара» криминалды роман, отбасылық сага) 
урбанистикалық фольклордың бір түрі ретінде жиі қарастырылмайды. 
Сондықтанда 
бұқаралық 
мәдениет 
нәтижесінің 
нақты 
мәні 
оның 
жалпыадамзаттық құндылықтарымен емес, ӛз заманының тілінде сол дәуірдің 
қиялын, үміті мен мәселелерін дәріптей алу қабілетімен анықталады. 
Бұқаралық мәдениет бұқаралық санамен тығыз байланысты.
Бұқаралық сана әлемнің тұтас мәнділігімен салыстырмалы түрде 
күнделікті ӛмір тәжірибесінің қарама-қарсы элементтерінен тұратын түрлі 
эмпирикалық материалдарды реттеудегі адамның қарапайым ұмтылысы 
нәтижесінде пайда болады. Бұқаралық сананың негізі шынайылық туралы 
эмоционалды-бейнелік пікірлер мен жүріс-тұрыстың нақты-практикалық үлгісі 
қатарын кӛрсетеді. Бұқаралық сананың құрамдас бӛліктерін үшке бӛліп 
қарастыруға болады:
1) әрекеттердің нақты жағдайдағы бағдарламалары мен тікелей тәжірибеде 
таралған бұлыңғыр білім;
2) жәй жеке тұжырымдар мен ұсыныстар түріндегі күнделікті ӛмірден 
жиналған тұрмыстық және кәсіби тәжірибе, қарапайым ӛмір сүрудің тәртіптері 
мен құрамы;
3) аталмыш мәдениеттегі құндылықтар жүйесі, мәдени дәстүрлер, сонымен 
бірге білімнің арнайыланған түрлі салалары үстемдік ететін тікелей тәжірибе 
шеңберіндегі тұтас әлем картинасы. Бұқаралық сана ӛте қарапайым «үйірлік» 
тобыр санасынан ӛзінің күрделі құрылымымен ерекшеленеді және қоғамның 
ӛзіндік санасы болып табылады 
(Новейший философский словарь / Сост. Грицанов 
А.А. - Мн.: Изд. Скакун В.М., 1998. - 276 с.)
.
Мәдениет дамуының ең маңызды процестерінің бірі мәдениет үлгілерінің 
таралуы. Француз мәдениет зерттеушісі А.Моль осы процесс жолында пайда 
болатын мәдени үлгілер мен мәдени бӛгеттердің таралуының әр түрлі 
кезеңдерін анықтауға болатын қазіргі қоғамда мәдениетті таратудың әмбебап 
үлгісін ӛңдеп шығарды. А.Мольдың үлгісі бойынша, мәдени үлгілерді 
таратудың кез келгені шығармашылық тұлғаның іс-әрекетінен басталады, 
олардың әрқайсысы ӛздерінің ақылды іс-әрекетінің, экспериментінің бұрынғы 
тәжірибелері негізінде кейбір әлеуметтік топтарда қолдану үшін ӛзінің сапасы 
бойынша жарамды ӛнім жасайды. Жаңа мәдени үлгіні кӛрсеткен кіші топта ол 
алғаш рет бағаланады. Ондай жағдайда, егер үлгі кіші топ мүшелерін 
қанағаттандырса, онда ол қабылданады және ол микроортада мәдени үлгінің 
алғашқы таратылуы болып саналады. Осында мәдениет нормалары мен 
құндылықтардың таратылуы аяқталады.
Мәдениет үлгісінің әрі қарай таралуы үшін, біріншіден, үлкен топтар мен 
қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық 
ақпараттар құралдары кӛмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және кӛбейтілуі 
керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалың 
қауымға немесе макроортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар 
кӛмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бӛлігі деуге 
болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз 


ғана бӛлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең 
аудиториямен, микроортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бӛлігі ретінде 
қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен 
таласта тӛтеп бере алса, онда ол осының бӛлігі болып қалыптасады. Әрі қарай 
қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке-дара 
мәдениетіне ажырамас бӛлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.
Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және ӛзгеру 
қабілеті кӛбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу 
жылдамдығына байланысты. Алғашқы және маңызды элемент – танымдық, 
белгі-нышандық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда 
қалыптасқан, 
тілде 
айқындалған 
білім. 
Тіл 

адам 
тәжірибесін 
шоғырландырудың, сақтаудың, жеткізудің объективті нысаны. Тіл нақтылы 
мәндермен үйлестірілетін белгілер мен нышандардың жүйесі болып табылады. 
Белгілер мен нышандар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің ӛкілдері 
ретінде кӛрінеді, олар туралы ақпараттар жеткізу мен ӛзгерту, алу мен сақтау 
үшін қолданылады. Белгілер мен нышандар әрқашан нақтылы мәнге ие болады. 
Адамдар белгілер мен нышандардың мәнін түсінуді білім беру процесінде 
игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге 
мүмкіндік береді. 
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ӛзара байланыста қандай да бір 
нақтылы нысанда қызмет атқарады, оны субмәдениет деп атауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет