ойшылдары Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон т.б.
мемлекеттік билік пен құқықтық мемлекеттің байланысы мен ӛзара тигізер
ықпалын кӛрсетуге тырысты және егер заң азаматтар
мен мемлекетке бірдей
болса, сонда ғана адамдар тұрағының саяси фомасы әділ мемлекет бола алады
деп санады. Оны Аристотельдің
«Заң билігі жоқ болса, онда ешқандай
мемлекет құрылысына орын жоқ» немесе Цицеронның
«Мемлекет – ол
халықтың ісі», - деп айтқан қанатты сӛздерінен анық аңғаруға болады. Ежелгі
Греция мен Римдегі мемлекеттік-құқықтық идеялар мемлекет жайлы ілімнің
қалыптасуы мен дамуына белгілі ықпалын тигізді.
Аталмыш мемлекеттік
құрылымдар белгілі бір мӛлшерде қоғамдағы мәдени дамуға да ӛз ықпалын
тигізіп, ӛзіндік аспекеттер қалыптастырады. Кең мағынада заң, құқық,
азаматтылықтың ӛзі мәдени ұғымдар, себебі оларда адамдардың қоғамдағы
белгілі бір тәрітппен, ережелермен ӛмір сүруін талап етеді, адамдар арасындағы
қатынасты реттейді. Құқық мәдениетсіз халық арасында сіңіру қалпынан
айрылады.
Феодолизм дәуірі негізіндегі
құқықтық мемлекет жайлы ойды, сол
замандағы ұлы ойшылдар М. Макиавелли мен Ж. Баден тарихи жағынан айтып
кетсе, ерте буржуазиялық революция кезінде құқықтық мемлекет
концепциясын дайындауда кӛптеген тың идеяларға мұрындық болған алдыңғы
қатарлы ойшылдар Г. Гроций, Б. Спиноза, Г. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтеське, Д.
Дидро, П. Гольбах, Г. Джефферсон және т.б. еңбектері ӛлшеусіз.
М.
Макиавеллиге тоқталар болсақ, ол мемлекеттің кӛп жылдық ӛмір сүру
тәжірибесіне орай, ӛз теориясында саясаттану принциптері, саяси ӛмірдің
қозғаушы күштерінің дамуына сәйкестендіре отырып, жауап беретін идеалды
мемлекеттің негізі болуы керек деп нұсқады. Ал
мемлекеттің формаларын
пысықтап әрі негізін қалау Республикаға берілді, себебі тек Республиканың
ғана кӛп жағдайда теңдік пен еркіндікті қамтамасыз етерлік қауқары мейлінше
жеткілікті болатын. Республика мемлекеттік форманның ӛркениетті түрі.
Демек, М. Макиавелли сенім артқан Республика талай сындарды басынан
кешірген ӛркениет ӛлшемдерінің тоғысуы болып табылмақ.
Енді ерте буржуазиялық қоғам жетекшілерінің ойлары мен пікірлеріне
жеке-жеке тоқталып, олардың ой-толғамдарын таразылап кӛрелік.
Гуго де Гроций жаратылыстық құқықтық мемлекеттің аса кӛрнекті
теоретигі. Ол «жаратылыстық құқық» және «ерікпен қабылданған құқық»
ұғымдарын ғылыми айналысқа ендірген. Туа біткен жаратылыстық құқыққа ол
– басқа
біреудің мүлкінен аулақ болу, келтірген шығындардың орнын толтыру
және
халық алдында тиісті жазасын тарттыруды жатқызады. Мемлекеттен
таралатын, ерікті қалыптастыратын құқық жаратылыстық құқықтың барлық
принциптеріне сәйкес келуі керек. Феодолизмнің құқықтық институттары
Гроций бойынша адам табиғатына қайшы келеді, сондықтан
ақыл заңына
жауап беретін жаңа құқық керек. Мемлекеттің басты мақсаты әрбір азаматқа ӛз
мүлкін пайдалануға ерік беру және оларды барынша қорғау.
Кез-келген
мемлекет формасының бастауы Гроций пікірінше, қоғамдық келісім болып
табылады, сондықтан халық басқарудың кез-келген формасын таңдауына
болады, бірақ халық, таңдағын билеушісіне сӛзсіз бағынуға міндетті.
Мемлекеттің формасын ӛзгерту, тек екі жақтық келісім арқылы ғана іске асады.
Гроций ұсынған теория, таза ӛркениеттік сипатта. Ӛркениеттік басқару салтын
ұстанған елде “таңдау құқығы” ӛте жетілген болуы керек. Сонымен қатар, әрбір
ӛркениетті елдің адамы ӛзінің қызметтік, қоғамдық орнын білуі және ӛзіне
жүктелген жұмысын орнықты, мүлтіксіз атқаруы тиіс.
Голланд
философы Б. Спиноза – келешектегі заңмен байланысты шынайы
құқық пен адам ӛрлеуін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекетке
теоретикалық анықтама берген. Ол, егер, мемлекет әр азаматқа ӛмірін сақтауға
кепілдік беріп қана қоймай, оның басқа да мүдде-мақсаттарын қанағаттандыру
арқылы оның ӛзіндік істеріне қолын сұқпаса, тек сонда ғана құдіретті мемлекет
болмақ деп сындарлы пікір айтты
(Спиноза Б. Избранное сочинении. - М., 1957. -Т.2. –
207-209 бб.).
ХҮІІ ғасыр ойшылы
Т. Гоббс, Англиядағы абсолюттік монархияны ерекше
жақтаушы, осыған қарамастан кейіннен буржуазиялық революцияның
ойшылдары жалғастырған қоғамдық ӛмірдегі құқықтық мәртебеліктің бірнеше
прогрессивті жағдайларын қарастырған. Оның қатарына заң алдындағы
формалды теңдікті негіздеу, шарттардың орындалуы жатады. Гоббс
адам
Достарыңызбен бөлісу: