Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет19/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Арын бір-бірімен диалектикалық байланыстағы бес шартты: тіл, дін, дәстүр-
әдет-ғұрып-мораль, тарих, атамекен-жер-су - этномәдениеттің тірегі деп 
негіздейді 
(Қоңырбаева С.С. Отбасылық ӛмірге даярлаудағы этномәдени құндылықтар 
мәселесі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика мәселелері, болашағы. Халықаралық 
конференция материалдары. 10-11 маусым 2005. Атырау - 45-47 бб.). 
Философ 
Д.Кішібеков пен Ұ.Сыздықов: «ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттың 
интернационалдық мәдениеттің де болуы мүмкін емес» десе, тарихшы 
Е.Ерғали: «дәстүрлі мәдениет деп ежелден қалыптасып, ғасырдан ғасырға 
жалғасып, ӛзгеріп отырғанымен, сол халықтың дүниетанымдық бастаулары мен 
басты құндылықтарының кӛзіне айналып, оның ӛмір сүруінің салттарымен 
бағыттарын, тәсілдері мен жолдарын реттейтін негіздерін айтамыз» - деп ой 
тұжырымдайды. 
Дәстүрлі мәдениет халықтың тарихи дамуының жетістіктер жемісі. 
Адамдардың басқа жетістіктеріне қарағанда дәстүрлі мәдениет ӛз 
тұрақтылығымен белгілі. Дәстүрлі мәдениеттің мәні бұрынғы құндылықтарды 
тек сақтап қалу ғана емес, оның дәстүрлі қалып ретінде сақтай тұрып
атқаратын қызметінде, адамның ӛміріндегі рӛлінде. Сондықтан біз дәстүрлі 
мәдениеттің, соның ішінде қазақ дәстүрлі мәдениетінің мәнін айтқанда, ең 
алдымен, оның дүниетанымындағы орны мен атқаратын қызметін айтамыз 
немесе мәдени ұғымның дүниенің құрылымын танудағы маңыздылығын, 
адамның рухани ӛміріндегі алатын орынын айтамыз. Яғни рухани мәдениет жас 
ұрпақты әділдікке тәрбиелейді, асқақтыққа жетелейді, адамды ақиқат арқылы 
жетілдіреді /. 56-62 бб/.


Қазақ мәдениті ұлы түрік мәдениетінен бастау алып, ӛздігінен толық ұлт 
болып қалыптасты. Еуразия сахарасында орналасқан Қазақстанда ұлттық 
мәдениет басқа мәдениеттермен байланысып ұштасып жатады, ал азиялық және 
еуропалық мәдениетінің қосындысы бола тұра ұлттың болмысын сақтайды, 
ұлттың менмендік сипаты түрленіп, нәрленіп байи түскенімен негізгі қасиетін 
жоғалтпай келеді, соның ұлттық сипаты жоғалса ұлттың ӛмір сүруі мүмкін 
емес. Қазақ мәдениетінің ХХІ ғасырда жаңғыру дәуірі, тәуелсіздік рухына 
сүйенген шағы. Қазақстан кӛпұлтты ел, ал сол кӛпұлттық мемлекетте 
ӛркениеттік тарихи мәдени мұрат жауапты халық - қазақ халқы. Ол халық 
Қазақстанның болашағына ерен еңбек етуге тиіс. Ол кӛп ұлтты елді біріктіретін 
де, еңбекке жұмылдыратын да күш. Ұлттық болмыс отанға деген 
сүйіспеншіліктен, оның алдындағы азаматтық қарыз бен парыздан туындайды. 
Біздің Отанға деген адал еңбегіміз барша әлемдік ӛркениеттен алар 
орнымызды, жарқын болашағымызды анықтайтын фактор екені хаһ. /3. 32-
33бб/. Бір этнос мәдениетін барлық әлем игілігіне пайдаланып немесе сол 
этносқа тиесілі белгілі бір жаңалықтың әлемдік деңгейде жария болуы ӛркениет 
белгісі. (Мысалыға алғаш порохты, қағазды Қытай, коньякты француздар ойлап 
тапқанын және қазір оны барлық елдер қолданатынын білеміз). Ӛркениет – бұл 
жеке, нақты қоғамның немесе социумның ерекше түрі, қауымдастығы. Қазіргі 
таңда ірі ӛркениетті елдер қатарына сегіз мемлекет жатады және болашақта 
олардың саны кӛбеймесе сиремесі анық. Бұдан шығар қорытынды адамзаттың 
болашағы және қоғамның нақты процестері ӛркениетпен тікелей байланысты.
Жалпы ӛркениеттің ӛркениеттілігін білдіретін мынандай белгілерді атап 
кӛрсетуге болады. Олар: 

мемлекет тәуелсіздігі, егемендігі; 

мықты және тұрақты экономика, озық технология; 

ұлтаралық, әлеуметтік тең қатынастар; 

ядролық, бактериялық және ұлы апаттарға соқтыратын қаруларды 
қолданбау немесе қарусыздандыру; 

адам ӛміріне зиянсыз, керісінше пайдалы экологиялық таза ӛнімдер 
шығару; 

әлемдік деңгейге сәйкес жоғары білім беру; 

әрбір адамды қоғамның басты құндылығы ретінде есептей отырып 
құқығын шектемеу, ой бостандығы мен сӛз бостандығына құрметпен 
қарау; 

бұқаралық ақпарат кӛздерін күшейтіп, информация ағынынан шет 
қалмау; 

халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, ӛнерін барынша жоғалтпай
керісінше, қайта жаңғыруына жағдай жасау; 

тарихты бұрмаламаумен қатар, ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық қадір-
қасиетті жоғары қою; 

дін мәселесі және түрлі адам миын уландырып, бір-біріне қарсы қояр 
секталарға қатаң талап қойып немесе түбегейлі жою; 



наркомания, спид, алькогол секілді кеселдерден жастардың бойын 
имандылық арқылы аулақтатып тәрбилеу; 

халық пайдасына шешілетін саясат және этномәдени саясат т.б. 

ең маңыздысы Қазақстан Республикасының Ата заңының барлық 
тарауларының бұрмаланбай, қабылданған қалпында орындалуы. 
Соңғы кезде біздің менталитетімізге, яғни ділімізге жатқызылып, 
қонақжайлық, бауырмалдық, қайрымдылық қасиеттердің орнын басып жүрген 
парақорлық, тәкәппарлық, тройболизм, үстем таптардың тӛменгі буынға 
кӛрсететін менмендік секілді толып жатқан проблемаларға жол бермеу. 
Саясаткер Қуаныш Сұлтановтың: «Тәуелсіз, ӛркениетті мемлекет құрылымы 
қиындықсыз болуы мүмкін емес, дүние жүзінің тарихында тӛрт құбыласы сай, 
бірден қаз тұрып, гүлденіп кеткен мемлекетті ешкім де білмейді» - деген 
пікіріне сүйеніп, жарқын келешекке ұмтылуды мақсат ету шарт. Осы тұрғыда 
Қытай данышпаны Конфуцийдің: «Ақиқат қашанда екі пікірдің ортасында 
болады» - деген ұлағатты сӛзіне тоқтауға болады. Түптеп келгенде кез-келген 
мемлекет негізін құрап отырған тұрғылықты этностың мәдени-рухани әлемі ӛзі 
қалыптастырған тарихи-әлеуметтік ортаның ерекшелігін тануға, нәсілдік 
айырмашылықты белгілеуге, этномәдени сипат жасауға негізгі фактор болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет