әрекеттерінің жекелеген нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар оның бұрынғы
тұрмысына, болмыс әдісіне де байланысты. Бұл ӛзі ӛндіретін оны тұтынатын
экономикалық адам дағдарысы. Сондықтанда бүгінгі дағдарыс адамның
әлемдегі
орнын ұғыну, рационалдықтың түрі, ӛмір сүрудің бұрынғы формасы
екенін мазмұндайды. Бұл пікір аясында адамзат сапасының тӛмендеп, адами
құндылықтың арзандап бара жатқанын сезу қиын емес. Мұны ӛркениет
ӛресінен анық байқауға болдады.
Жаһандану проблемасы кӛптеген ғалымдардың зерттеу аймағына айналған
ғылыми жоба. Э.Гидденс, Р.Робертсон секілді ғалымдар жаһандануды жаһандық
модернистік жобаның бір бӛлігі деп тұжырымдап, оның басты
үш ерекшелігін
бӛліп кӛрсетеді:
1) жаһандық
коммуникация;
2) қарама-қайшылықты процесс;
3) тәжірибелік білім.
Қазіргі әсерлі қоғамның ӛзін
Э.Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме
бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық
жағына қарай ӛзгереді: капитализм, индустриалану, қадағалау, күштеу
құралдарын монополиялау, халықаралық еңбек бӛлінісі,
әлемдік әскери
тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені
экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине,
Гидденс стандарттау үрдісінің әсіресе түрленім нысанында болатынын
кӛрсетеді, себебі капиталистік ӛндіріс пен бӛлу қазіргі заман институттарының
басты құрамдас бӛліктерін қалыптастырады.
Энтони Гидденстің жаһандану теориясындағы басты нәрсеге - модерннің
жергілікті әдет-ғұрып пен дәстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті және
жаһандық диалектикаға назар аудару қажет. Гидденстің ойынша, жеке адамның
таңдау мүмкіндігі жоқ әлеуметтік мәжбүрлеу жағдайы ретіндегі іс-әрекетке
ешқашан ортақ бола алмайды. Таңдаудың болмауы
әрекеттің оған берілетін
жауаппен алмастырылғанын білдірмейді. Агенттілік тікелей немесе жанама
түрде құрылымның бір бӛлігі болуы мүмкін. Перифериядағы іс-әрекеттің әлем-
жүйені ұстап тұруда ӛмірлік маңызы бар. Гидденс жеке адамдарды ӛзінің
салдары бойынша жаһандық болып табылатын әлеуметтік ықпалды
жүргізушілер ретінде кӛрсетеді. Дәл осы сарында жергілікті ӛзгерістер мәселесі
кеңістік пен уақыттағы байланыстардың кеңеюі ретінде ұғынылатын
жаһанданудың бір бӛлігі болып отыр. Валлерстайн да әлемдік жүйелік сараптау
теориясын қарастырып, жаһандануды таза экономикалық процесс және феномен
ретінде түсіндірді.
Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі американдық
Рональд
Достарыңызбен бөлісу: