Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Мерчендайзер – жеке саудадағы ӛнімдердің қозғалысы бойынша маман. Ол 
тауарлардың сӛрелерде қалай қойылуын бақылау, тауар имиджін кӛтеру, 
жарнаманы бақылау, тауар бағасын қадағалу жұмыстарына тікелей жауапты; 
Логистик - ӛндіріс құралдарын, тауарларын, шикізаттарын тасмалдау және 
жеткізу процесінің белсенділігімен айналысатын маман. Логистиктің міндеті – 
тауар қозғалысының сызбасын ӛңдеу, жеткізу, экономикалық жолдарды 
есептеу, негізгі бӛлімдерді координациялау;
Девелопер – жылжымайтын мүлік сатып алу, оның операцияларымен 
айналысу, құрлыс ғимараты секілді жобаларды ӛңдеу және оны ары қарай сату 
немесе жалға беру сияқты істерді тындыратын маман;
Копирайтер – жарнама жобасын ӛңдеуші адам. Копирайтер міндетіне 
жарнамалық кампанияның концепциясын құру, жарнамалық мәтіндерді, 
сӛздері, пресс-релиздерді және т.б. дайындау кіреді;
Джоббер – қор биржасының делдал маманы. Негізгі міндеті акцияларды 
сату және сатып алу;
Коучер – компания жұмысшыларының тұлғалық потенциалын ашу 
мәселесімен айналысушы маман. Ол жұмысшылардың ӛндірістілігі мен 
тиімділігін артырады, керек жылдамдықта және бағытта қозғалу қабілетін 
жүзеге асыруды дамытуға кӛмектеседі, адамның дағдылық жүйесін қозғалысқа 
алып келеді 
(http://www.job-today.ru/nnovgorod/issue/s22_04_4.htm.)
.
Осы аталған және басқа да жаңа мамандықтар қазіргі заманғы еңбек 
нарығында ӛте үлкен сұранысқа ие және бұл мамандықтар енді мамандық 
таңдауға бет бұрған жастар үшін аса тиімді. Жаңа мамандықтардың тұтас 
тобының ӛмірге келуі мен жоғалып кетуі қосындысындағы еңбек нарығының 
тұрақсыздығы адамдарды ӛз ісімен айналысуларын тоқтатып, басқаға түрге 
ауыстыруларына және осыған байланысты қоғамдық функцияларын 
алмастыруға жиі әкелеп соғады. Ең маңыздысы айқын жаулап келе жатқан 
жаһандану біздің қалау-қаламауымызға қатыссыз кейбір әлемдік стандарттарға 
тәуелді. Бұл тәуелділік тек білім деңгейінде ғана жүзеге асырылып жатқан жоқ, 
сонымен бірге жүріс-тұрыс норамларымен құндылықтар аймағындада ӛз 
ықпалын тигізіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет