экологиялық мәдениет адамның гуманистік мінез-құлқының сақталуын
қадағалайды.
Экологиялық мәдениет - адам мен табиғат арасындағы еркін
қатынастардан туындайды. Экологиялық дағадарысты туғызған адамның
табиғаты емес, оның кереғар дүниетанымы мен пиғылы, санасы. ХХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап, әлемді қамтыған экологиялық дағдарыс ғылыми
зерттеудің
объектісіне айналды, оның қалыптасуының әлеуметтік-мәдени
себептері айқындалып, жаңа экологиялық ӛркениетке деген ұмтылыс ғаламдық
күшке айналды. Мәдениет пен экология түбірлес, екеуі де «үйді» қарастырады.
Экологиялық мәдениет тек мәдени мұраларды қорғаумен шектелмейді.
Мәдениет – экологиялық қорғау қызметтерімен қоса парасатты-гуманистік
«мәдениетті пайдалану» талаптарын ӛзіне қосып алуы қажет. Экологиялық
мәдени сананы қалыптастыру, оның қоғамда шын мәнінде жұмыс істеуі түрлі
экологиялық апаттар, дағдарыстар, шиеленістер және т.б. алдын алуы мүмкін.
Мәдениет шектеулі, онда табиғатқа деген басымдылық қатынас орын
алған. Адам табиғатты тек пайдаланып ғана қоймайды, оның бұзылып кетуіне
мұрсат бермей, қайта қалпына келуіне жағдай жасайды. Табиғат ӛркениет
шеңберінде де энергия кӛзі, пайдалы шикізат кӛзі
немесе пайдалы бір құрал
ретінде қарастырылады. Ӛркениет адамды, табиғатты жаулап алып, ӛзінің
экономикалық, техникалық және басқа қажеттіліктерін ӛтеуге, табиғатпен
күресуге бағдарлайды. Осыған орай, адамда табиғатты міндетті түрде аялау,
экологиялық теңдікті сақтау керек деген ой пайда болады. Табиғат - тал бесік.
Табиғат дағдарысы, экологиялық дағдарыс - әлем дағдарысы. Мұндай
келеңсіздікке жол бермеу үшін адамзатқа экологиялық мәдениет және
экологиялық мәдени сана ауадай қажет.
А.Швейцер: "материалды жетістіктер –
бұл мәдениет емес; олар қоғам мен
индивидті толық жетілдіру идеясының қызметіне қойылғанда ғана
салыстыратындай бола алады"
(Швейцер А. Культура и этика. - М.: Прогресс, 1973. - 15
с.).
Сондықтанда кӛптеген процестерді мәдени іс-шаралар деп есептеу қиын.
Бұл жағдай әсіресе ӛздерінің мақсаттары үшін басқа халықтардың табиғи және
интеллектуалды байлықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін, техникамен
индустрия арқылы табиғатты бағындырудағы басты құрал болып табылатын,
индустриалды дамыған елдерде орын алуда. Демек, дамыған, алдыңғы қатарлы
елдер, тұрмыс-жағдайы тӛмен елдер алдында қарыздар. Себебі олар сол елдер
есебінен байып отыр. Ислам діні де осы мәселеге кӛңіл бӛліп, байлықты шектеу
мақсатында
«зекет» салығын салған. Мұндағы басты философия бір адамның
мол байлыққа кенелуі, келесі екі-үш адамның кедейленуі есебінде жүзеге асып
отыр деген қағида. Сондықтанда «Зекет» салығы тек ауқатты адамдарға
салынатын болған.
Экологиялық мәдени сананы қалыптастыру процесі қазақ халқында ӛте
жақсы дамығандығын тілге тиек еткен жӛн. Мәселен қазақтар малдың жүнінен
киіз басып, үй
жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп,
иіру арқылы киімдер тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған. Демек,
қалдықсыз ӛндіріс орын алған, ал бұл дегеніңіз экологиялық қалыпты бұзбай
сақтау, табиғаттың ластануына жол бермеу деген сӛз. Жалпы алғанда, қазақтар
шаруашылықпен айналысқан, шикізат ӛңдеген, ӛнімдер ӛндірген, ең бастысы
мал арқылы
сауда қатынастарын дамытып, айырбас немесе қазіргі ғылыми
тілдегі «бартер» жасау жолдарын жүзеге асырған. Шаруашылық дамытудың
тағы бір ерекшелігі малдардың жаз айларында солтүстіктің салқын
аймақтарында, керісінше қыстың ызғарлы күндерінде оңтүстіктің жылы
аймақтарында бағылуы. Мұндай тәжірибе қазақ халқының георгафиялық және
экологиялық ілім-білімдерінің табиғи түрде дамығандығын, дала ӛркениетін
меңгергендігін байқатады. Орталық Азия елдерінде кӛшпелі шаруашылықтың
басқалармен салыстырғанда Қазақстанда мейлінше дамығандығы анық.
Мұндай жағадаяттардың барлығы дерлік адамдардың бірлесе, жинақталып ӛмір
сүруге деген ықпалдастығынан туындайды. Осы мәндегі ілімді түркі халықтары
Достарыңызбен бөлісу: