Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет34/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

«әдеп» десе, гректіктіктер «этика» деген. Демек, «этика» - бірлесе ӛмір сүруші 
адамдар тобы мағынасына ие бола отырып, түрлі әдептік негіздерге, ережелер 
ен тәртіптерге сай ғылымға айналды.
Этика гректің ӛнеге, дәстүр, әдет мағыналарын беретін, оқыту нысаны 
мораль мен ізгілік болып табылатын философияның мәселелі аймағы. Этика 
мазмұнды және формалды ерекшеліктері үш константпен анықталынады: 
мораль мәні зерттеудің объектісі, оның теоретикалық ойлау тәсілі және 
әлеуметтік-мәдени контексттегі сипаттау. Қазіргі заманғы этикаға екінші 
мыңжылдық ширегіндегі мәдени сұхбаттарды толықтыратын белсенді процесс 
тән, бірақ, мораль табиғаты туралы толғаныс – басты тақырып ретінде 
ӛзгеріссіз қалады және оның негізгі сұрағы: мен не істеуім керек? Этика 
шығыстық рухани мәдениетте б.э.д. бірінші мыңжылдықтың бірінші 
жартысында қалыптасса, батыстық философияда – б.э.д. 4 ғасырда орнықты. 
Этика тарихында этикаға бағытталған дәуірлер мен философиялық мектептер 
бар. Мораль теориясы мәселесі кез-келген ұлы ойшыл шығамашылығынан 
кездестіруге болады. Философиялық ілімде этика мағыналы принцип рӛлін 
сомдаса, аксиологиялық мораль ақиқат, сұлулық, сенім ұғымдарын байыта 
отырып, барлық адамзаттық құндылықтар деңгейін кӛтереді, сонымен бірге ол 
ӛзінің сіңбелі сипатымен барлық ғылымның этикалық аспектлерін қамтып, 
жаңа гуманистикалық кӛкжиектер ашады.
Этика мәдениет ықпалымен енген моралдың рационалды пайымдалған 
сипаты, қоғамдағы реттеушілік қызметті атқаратын әдептілік қағидалары 
туралы кӛзқарастар жиынтығы, адамның ар-ұят, адамгершілік, сыпайылық, 
ізеттілік сынды адами қасиеттерінің қосындысы, белгілі бір зерттеу нысаны бар 
ғылым. Мәдениет салаларына жататын әрбір халықтың салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, наным-сенімдері негізінде әрбір адамның жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, 
әдебі бар. Осы әрбір адамның үлгілі немесе кӛпшілік кӛңілінен шыққан кейбір 
іс-әрекеттері қоғамда сынала келе, этикетке айналады. Этикет заңмен 
белгіленбеген, бірақ адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін жалпыға 
арналған қоғамдық қағида. Қағида, ереже, тәртіп сықылды орындалуы міндетті 
іс-әрекеттердің қалыптасуы адамның ақылы мен сезіміне тікелей қатысты. 
Әлемдегі әсемдік пен сұлулықты, жаратылыс құдіреттілігі мен кереметтілігін, 


бір сӛзбен, кӛркем мәдениетті философиялық ой толғамы бар жаны саф 
адамдар ғана жете түсіне алады және түсіндіре алады. Рухани мәдениеттің 
кӛрсеткішіне айналған сурет, сәулет, мүсін, ӛлең және т.б. ӛнер түрлері мен 
оларды насихаттаушы суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер мен жазушылар, 
ақындар сынды ӛнертанушылар біреге келе эстетика ғылымының негізін 
салды, қалыптастырды, ғылыми айналысқа енгізді, зерттеу аймағын белгіледі.
Эстетика – сезіну, сезімдік сӛздерінің мағынасын беретін адамның 
дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік, 
сұлулық заңдарын негіз еткен шығармашылық мәні туралы ғылым. Ежелгі Грек 
және Римде кең кӛлемде дамыған эстетика сонау құлиеленушілік қоғам 
дәуірінде, атап айтқанда Мысырда, Вавилонда, Үндістан мен Қытайда дүниеге 
келген. Шын болмысты эстетикалық бейнелеу қабілеті қай халықтың болса да 
дамуының ең алғашқы сатыларында пайда болады, оның дәлеліне ӛткен 
мәдениеттің құндылықтарын зерттейтін тарих, археология, этнография 
ғылымдарының кӛптеген мәліметтері жатады. Қазіргі заман халықтарының 
эстетикалық 
мәдениеті 
ӛз 
құрамына 
кешегі 
ұрпақтың 
кӛркем 
шығармашылығында жинақталған эстетикалық сезімдер мен түсініктерді 
қамтиды. Адамдардың сырт келбетінде, олардың қарым-қатынастарында, 
киімінде, үйінде, олар жасап шығарған заттарда, олардың сӛйлеу тілі мен ӛнер 
туындыларында – олардың эстетикалық мәдениетінің ерекшеліктері, негіздері 
кӛрніс табады. Адамның қоршаған әлемге деген эстетикалық қатынасы оның 
ӛміршең практикалық қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде пайда болады. 
Бұл ғылымдар ӛз ӛркенін батыс еуропада жайғанымен, әлемнің бар жерінде 
ӛзіндік дамуға ие. Осы тұста қазақ этика және эстетикасы мәселелерімен 
шұғылданып, түрлі іргелі еңбектер арнап жүрген отандық мәдениеттанушылар 
мен философ ғалымдарымыз бар: А.Қасымжанов, Ә.Нысанбаев, А.Қасабек, 
Ғ.Есім, М.Орынбеков, О.Сегізбаев, Ж.Алтаев, С.Ақатай, С.Нұрмұратов, 
Т.Ғабитов, Ғ.Ақмамбетов, Б.Қазыханова, Қ.Нұрланова және т.б. Аталмыш 
ғалымдар зерттеген және зерттелінетін мәселелер қатары ӛте кӛп, ең 
маңыздысы мәселелердің мазмұндық мәнінде болып отыр. Оны неміс 
философиясының негізін қалаушы И.Канттың «категориялық императив» 
ұғымымен түсіндіріп кӛрсек.
«Категориялық императив» латынның бағынушы сӛзі, адамның жүріс-
тұрысы принципін бетке ұстаған ізігілік қолжазбалары мағынасын беретін Кант 
этикасының ӛзекті ұғымы. Гносеологиядағы сынды ӛзінің практикалық 
философиясында да Кант адамның жүріс-тұрысын анықтайтын жалпы және 
қажетті заңдарды іздеді. Сондықтанда практикалық ақылға тиесілі заңдар бар 
ма және мораль дегеніміз не, ол мүмкін ба деген сұрақтарды ең басты мәселе 
етіп қойды. Ізгілік, Кант бойынша, абсолютті, барлығын қамтитын, жалпы 
мәнді және солай болуы керек, яғни заңды формада. Канттың заң туралы ойы, 
біз атайтын ізгілік, тұлғаның имманенттігі, ерік негізін анықтаушы болып 
қалыптасады, осыған орай, біз оның нәтижесіне немқұрайлы қараймыз. Біздің 
іс-әрекеттеріміздің ізгіліктілігін анықтайтын еріктің мұндай принципімен біз 
анықталған нақты заң емес, жалпы заң аясындағы іс-әрекеттерге тап боламыз. 


Бұл дегеніміз, жалпы заң үшін менің әрқашан істейтін әрекеттерімнің, мен 
қалаған жеке принциптеріме, менің максимама айналуы. Кант мұны 
борыштылықты сипаттайтын және жүріс-тұрысты объективтілікті күштеуге 
итермелейтін императив немесе ереже деп атайды. Ерік ӛзінен-ӛзі әрқашан 
ақылмен толығымен біріге бермейді, сондықтан оны заңмен күштеу керек, 
осыдан субъективті жетілмеген ерікті ақыл бұйрығымен бұғаулау формуласы, 
яғни императив болып табылады. Барлық императивтерді Кант гипотетикалық 
және категориялық деп бӛледі. Категориялық императив заңды да, 
максималарды да ӛзіне біріктіреді, осы біріккен заңға сәйкес болу қажет. Кант 
бойынша тек бір ғана заң бар: тек осындай максимаға орай әрекет ет, оның 
жалпыға бірдей заңға айналуына жағдай жаса, бірақ дәл қандай максиманы 
ұстану керектігі туралы нақты шарттар жоқ, философтың ӛз пікірі бойынша, 
эмпирикалық элементтерден жұрдай ашық заңның априорилығы мен 
тазалығына куәгер. Кант категориялық императив тек моралдық жүріс-тұрыс 
формасы деп анықтайды да, оның мазмұны туралы сӛз қозғамайды. Себебі Кант 
оны категориялық императив түрінде ұсынды, яғни нағыз ізгілікті ұстанғысы 
келетін адам ӛзін қалай ұстау қажет. Ізгілікті адам ӛз ісін адам және адамзат 
алдындағы борышқа балап, оның заңға айналатындай етіп ғана әрекет етеді, дәл 
осы мағынада Канттан басқа ізгілікті мұндай деңгейде ешкім түсіне алмайды.
Бүгінде экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін жаңа замандағы 
ӛркениеттік процестер контекстін құратын жаңа гуманизм элементтері 
таңдалынуы қажет. Мәселен, А.Печчеидің «глобалдылық сезімі», Ортега-и-
Гассеттің «виталды құндылығы», себебі бұлар белсенділік парадигмасы 
санатындағы концепциялар. Дәл осы концепциялар жүйелі экологиялық ойлау 
мен қоғамдағы құндылықтар қызметінің иерархиясы ретіндегі жаңа әлеуметтік 
шындықтарды мүмкін етеді. Әлеуметтің дамуы үшін осы мәнді құндылықтық 
тұжырымдар экологиялық мәдениет деңгейін анықтайды. Белгілі бір субъект 
ӛзіне сәйкес таңдалынған парадигма негізінде «табиғат-қоғам» жүйесінің 
қалыпты дамуын қамтамасыз ететін ықпалды әлеуметтік-мәдени бағдарлама 
құруға және оның коэволюциясын, яғни пайда болған экологиялық мәселелерді 
дұрыс бағалау, үлгілеу және шешуге қабілетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет