әлеуметтану негізін қалаушы француз философы О.Конт ӛзінің аса танымал
«Позитивті философия курсы» атты еңбегінде философиялық жүйе құруды
мақсат етті. Ол ӛзі ӛмір сүріп отырған уақытын тарихи кезеңнің бастамасы деп
танып, Сен-Симон мен басқа да дәстүршілдер артынан ағартушылармен
айтысуды жалғастырды. Конт бойынша қоғам ӛмірі жекелеген ерікті
индивидтердің
басқаруымен анықталмайды, ол дін, дәстүр сынды ұжымдық
сипатқа ие ӛзінің ішкі заңдарымен басқарылуы тиіс. Ол дінді адамдарды
біріктіруші және ұжымдық сана формаларын реттеуші ретінде оған үлкен мән
берді, оның бұл әрекетіне қарап, басқалар оны жаңа христиандық жасауға
тырысқан Сен-Симон сынды дәстүршілдер қатарына қосты.
Сол кезде, яғни
ХІХ ғ. бірінші жартысында француз философиясына үстемдік етіп тұрған
П.П.Руайе-Коллар мен В.Кузен сынды спиритуалистер жалпы Конттың идеялар
кешенін тартысқа түсірді. Конт оларды Францияны қайта жасауға тырысқан
феодалдық тәртіппен байланысты жаңа буржуаздық ӛркениет иелеріне балады.
Мұндай жағдай оның идеяларының Англияға қарағанда Францияда
пайдаланылып, дами алмауына тікелей ықпал етті. Конт қоғам мен оның
мәдениетінің дамуын
теологиялық, метафизикалық және
позитивтік деп атап,
адам ақылының дамуын тарихи кезеңдер дамуымен салыстырды. Осы идеяның
жалғасы ретінде И.Тэн мәдени феномендер ерекшеліктерін интерпретациялады
және жеке санаға қарағанда ұжымдық сана формасын жоғары қойды. Тэннің
Достарыңызбен бөлісу: