Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет9/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ӛзін тексеру сұрақтары 
1. Латындық «cultura » және шығыстық «маданият» сӛздерінің тектік 
ұғымдарын салыстырыңыз? 
2. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін атаңыз? 
3. Мәдениеттану ғылымының негізін қалаушы деп кімді есептейміз? 
4. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерін баяндаңыз? 
5. Мәдениет субъектісі. 
Б) Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік теориясы 
Мәдениеттің шығу тегі туралы ілім және мәдениет тарихы мен 
мәдениеттануда мәдениеттің пайда болу процесін алғашқы тас құралдарынан 
бастап құралдық процесс дамуының қалыптасуымен тығыз байланысты 
әлеуметтік 
заңдылықтарды 
белгілеу 
үшін 
қолданылатын 
ұғымды 
«культурогенез» деп атаймыз. Ал мәдениет тарихындағы әр түрлі белгілерді 
жіктеуді типтеу деп атап, осыған байланысты типологияны қалыптастырамыз. 
Типология: 1) объектілер жүйесін жіктеу және оның байытылған, 
идеалдандырылған үлгісі мен типтері арқылы топталған ғылыми таным тәсілі; 
2) типологиялық суреттеу мен салыстыру нәтижесі. Әлеуметтік-мәдени әлемнің 
кӛптүрлілігі мен кӛптектілігін мойындау мәдениеттің тарихи типологиясын 
құруда түрлі кӛзқарастарға алып келеді. Тарихтың бастапқы кезеңдерінің 
жіктелуін қазіргі заманғыға ұқсас етіп алғаш рет Лукреций Кар (б.э.д. 99-55) 
«Заттар табиғаты туралы» атты поэмасында берді. Ол ежелгі адамның еңбек 
құралын жасауын ӛз жіктемесінің негізі етті. Типологизация таңдалынған және 
концептуалды негізделген түсіндірмелер немесе эмпирикалық және 


теоретикалық негіздемелер арқылы ӛтеді. Оның морфологиялық және 
құрылымдық (статикалық); процессуалды (динамикалық); генетикалық, 
салыстарамалы-тарихи процедуралары арқылы ажыратуға болады.
Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына 
байланысты дамитын тарихи құбылыс. Мәдениет түрлерінің ӛте кӛптігі және 
олардың әрқайсысының жекедаралығы әлеуметтік концепция болып табылатын 
«мәдени-тарихи типтер» теориясының негізін қалады. «Мәдени-тарихи 
типтер» теориясы сызықтық-еуропоорталықтық тарих концепциясы мен 
тарихи процестердің эволюционистік түсіндірмесіне қарсы тезис ретінде 
қалыптасты. Бұл теорияның негізін қалаушы - Н.Я. Данилевский. Оның ары 
қарайғы дамуы О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин еңбектерінде ӛз жалғасын 
тапты. Осы «мәдени-тарихи типтер» теориясының жақтаушылары Кант, 
Гегель және Гумбольдтен бастау алған қоғамдық-тарихи мектепке 
шоғырланды.
Жаратылыстанушы, философ, әлеуметтанушы Николай Яковлевич 
Данилевский «Ресей және Еуропа» (1869) атты ерекше еңбегінде О.Шпенглер 
мен А.Тойнбиден бұрын бір-бірімен және қоршаған ортамен үнемі үзіліссіз 
күресте болатын тірі ағзаларға ұқсас «мәдени-тарихи типтердің» тіршілік 
ететіндігі туралы идеяны негіздеген болатын. Олар да биологиялық түрлер 
сынды табиғи алдын-ала анықталған пайда болу, гүлдену, қартаю және ӛлім 
стадияларынан ӛтеді. Н.Я. Данилевский оның тарихи түрде ӛзіндік пайда 
болуын 4 топқа бӛледі: діни, мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық
Оның есептеуінше тарих жүрісі мемлекеттілік арқылы «этнографиялық» 
күйден ӛркениеттік деңгейге дейінгі жолда бірін-бірі ығыстырып отыратын 
«мәдени-тарихи типтер» ауысуымен айқындалады. Ғалым біріңғай әлемдік 
мәдениет тіршілігін теріске шығарды. Оның пікірінше, адамзат тарихы ӛзіндік 
жеке дара мәдени-тарихи типтерден құралады және даму сатысы барлық әлемге 
бірегей, жаппай жүруі тиіс, ал батыс Еуропа тарихи ерекшеліктерінің бар 
әлемге еш қақысыз кӛшірілуі дұрыс емес. Мәселен, славяндық мәдени-тарихи 
типті дамыту және сақтау Ресейдің тарихи міндеті. Батыс Еуропа, Ресей мен 
славяндыққа кері кӛзқараста, сондықтанда славян халықтары ӛздерін жоюға 
ұмтылған батысқа қарсы күреске дайын болып, мықтап бекінуі тиіс, ол үшін 
славяндардың басын біріктіру қажет. Н.Я. Данилевскийдің мұндай қызықты 
ойы мәдени-тарихи типтер концепциясын жасаушы кӛптеген ғалымдардың 
назарына ілігіп, біршама талқылау-тартысқа түсті. Кітап автор қайтыс болғанан 
кейін де оның досы Н. Страховтың қадағалауымен бірнеше рет қайта басылып 
шықты. Ӛз ойын қорытындылай келе, Н.Я. Данилевский тарихи дамудың 
бірнеше жалпы тұжырымдарын бес заңға негіздейді.
1 заң. Ешқандай терең филологиялық ізденісті тудырмайтын, шығу 
тектерінің тікелей қатынасы сезіліп тұруы үшін барынша ӛзара жақын, жеке 
тілі немесе тілдер тобымен сипатталатын кез-келген тайпа немесе халық 
қауымдастығы, егер ол ӛзінің рухани жатырынан тарихи дамуға қабілетті және 
балалық шақ уақытынан ӛткен болса, онда ӛзіндік мәдени-тарихи тип құрады. 


2 заң. Ӛркениеттілік ӛзіндік мәдени-тарихи типке тән және халық ӛзіне 
тиесілі саяси тәуелсіздікті пайдалану үшін пайда болуға және дамуға қабілетті. 
3 заң. Бір мәдени-тарихи типтің ӛркениеттік бастауы басқа типті халыққа 
берілмейді. Әрбір тип ӛзі тіршілік кешіп отырған немесе қазіргі заманғы 
ӛркениеттің, яғни бӛгденің әсерін азды-кӛпті ала отырып, ӛзі үшін ӛзіне 
жасайды. 
4 заң. Ӛркениет әрбір мәдени-тарихи типке тән, олай болса ол тек әрдайым 
толығып отыруға, әртүрлілікке және байлыққа қол жеткізеді. Әртүрлі 
энографиялық элементтер және оны құрайтындар тәуелсіздікті пайдалана 
отырып, федерация немесе мемлекеттің саяси жүйесін құрмаса бір саяси 
тұтастықта бола алмайды.
5 заң. Мәдени-тарихи типтердің даму жолы, ӛсу кезеңінің ұзақтығы 
белгісіз, бірақ гүлдену және жеміс беру сәтінде салыстырмалы қысқа, олар 
ӛмірлік күшін соңғы рет ӛсім бергенде жоқ етіп жіберетін кӛпжылдық 
бірұрықтық ӛсімдікке жақын.
Орыс тарихшысы Ю.В. Яковец пікірінше тарихи цикл идеясы жаңа емес. 
Біздің дәуіріміз басталғанға дейінгі рим тарихшысы Полибийдің 40 томдық 
«жалпы тарихы» және қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «тарихи жазбалары» 
қоғам тарихын айналым, циклдік қозғалыс ретінде қарастырды. Үлкен тарихи 
циклдер идеясын біздің дәуіріміздің басында араб тарихшысы аль-Бируни 
ұсынды; бірнеше ғасырдан соң осы идеяны Тунистен шыққан Ибн Халдун 
жалғастырды. Қайта ӛрлеу кезіңінде тарихи процестегі цикл идеясын француз 
тарихшысы Дж. Вико қарастырды, ал неміс философы әрі тарихшысы Иоганн 
Гердер ХVІІІ аяғында жазылған «Адамзат тарихының философиясына деген 
ойлар» еңбегінде тарихтың генетикалық бастамасы мен ғарыштық масштабтағы 
дәуірлер арасындағы кезеңдік ауытқуларды айрықша зерттеді. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында К. Маркс пен Ф. Энгельс тарихи прогрестің түпкі негізі 
іспеттес қоғамдық-экономикалық формациялардың кезеңдік ауысу идеясының 
негізін қалады. Локалды ӛркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1869 
жылдың ӛзінде-ақ орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын; бұл 
идея дами түсіп, 1918 жылы О. Шпенглердің «Еуропаның батуы» атты 
кітабында жарияланды.
Неміс философы және мәдениет тарихшысы О. Шпенглер «Еуропаның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет