Мәдениет – материалдық және рухани еңбек тауарларында, әлеуметтік
нормалар мен нұсқаулар жүйесінде, рухани құндылықтарда, адамдардың
табиғатқа, ӛзара және ӛз ӛзіне деген қатынастар жиынтығында кӛрсетілетін
ӛмір әрекеттерінің дамуы мен ұйымдастырылуының арнайыланған әдісі.
Мәдениет жан-жақты болғандықтан оның түрлері де сан алуан: рухани және
материалдық мәдениет, ойлау және сӛйлеу мәдениеті, қатынас және жүріс-
тұрыс мәдениеті, мәдени қабат, мәдени феномен, мәдени құндылық,
тұрмыстық, бизнестік мәдениет, мәдениет және дін, мәдениет және адам т.б.
Мәдениеттанулық ой дамуы мыңдаған ғасыр аралығын қамтиды –
антикадан қазіргі күнге шейін – демек осы аралықта сан түрлі концепциялар
қақтығысы болды және болады. Осы мәлімдемені нысанаға ала отырып
мәдениеттанулық тарихты үш негізгі кезеңге бӛліп сипаттауға болады. Бірінші
кезең, антикалық философиядан басталып 18 ғасырға дейін жалғасады, бұл
уақыт
мәдениеттанулық
білімнің
онтологиялық,
теологиялық
және
эпистемологиялық мәселелер континуумінде пайда болған кезі. Антикалық
кезең, ортағасыр, қайта ӛрлеу дәуірі тіпті 17 ғасырда да қазіргі заман типіндегі
еуропалық философияның қалыптасуында үлкен рӛлге ие болған мәдениет
арнайы құбылыс ретінде пәндік назарда болған жоқ. Бұл бір жағынан діни
сананың кӛпғасырлық үстемдігі болса, екінші жағынан мәдениет туралы
философиялық ойлар адамның ойлау қабілетін жалпылай келе тек механикалық
операциялармен ғана шектелді, ойлау механицизмін игеріп таза «жинақтық»
сипатқа ие болу 17 ғасырға да бұйырмады. Бұл бағыттағы теоретикалық ойлар
18 ғасырда Виконың «Жалпы ғылымдарынан» Гердердің «Адамзат тарихы
философиясының идеяларына» қарай жүрді, ал жүйелік негіздемеге Кант және
теоретикалық-тарихи мәдениеттанулық құрылымдардың барлығын қамтитын
Шеллинг, Гегель, Кот концепциялары арқылы ие болды. Дәл осы кезеңде адам
жасаған әлемдегі тұтастықты сезіну Лейбниц-Вольф мектебінің ұсынысында
айқындалды. Онда ғылым, ізгілік, ӛнер сынды іс-әрекеттердің жемісі болып
табылатын құндылыққа айналған «ақиқат-қайрымдылық-сұлулық» үштігін
туғызып, мәнді түрде ерекшеленетін және бірін-бірі ақыл, ерік, сезім
қуаттарымен толықтыратын адамның рухани қабілетіндегі үш жақты құрылым
туралы сӛз болды. Тарихи процестің екінші кезеңі мәдениеттанулық ойды
қалыптастырудан басталады - ӛзінің әртүрлілігіне, адамдық әрекеттер алаңына
қарамастан мәдениеттің тұтастыққа айналуы ӛзіндік философиялық саралаудың
пәні бола алды. Сонымен бірге мәдениетті кең кӛлемде түсіну оның қоғамның
экономикалық және саяси ӛмірін қоса жұтып, табиғаттан басқаның барлығын
қамтуымен сипатталады. ХІХ ғасырдың ортасында әсіресе марксизм және оның
әлеуметтік ойлар қалыптасуына тигізген ықпалы арқасында қоғам ерекшелігі
ӛндіру және басқару аймағындағы адамдар арасындағы қатынастар жүйесі
ретінде таныла бастады. Мәдениеттанулық ойлар тарихының үшінші кезеңін бір
жағынан түрлі нақты-ғылыми мәдениеттанулық пәндерді философиялық
тұрғыда қатар қарастырудың кең кӛлемде дамуымен ерекшеленетінінен кӛрсек,
екінші жағынан кӛркем бейнелі формадағы мәдениет жетістіктері – проза және
поэзия, сурет және әуез, театр және кинематографиядан байқай аламыз
(Каган
М.С., Перова Ю.В., Прозерский В.В., Юровская Э.П. Философия культуры. Стоновление и
развитие. – Санкт-Петербург: Лань, 1998. – 148-150 бб.)
.
Мәдениеттану – мәдениетті оның тарихи формалар жиынтығымен
бүтіндей зерттейтін гуманитарлық пән. Мәдениеттану мәдениет философиясы
сияқты ӛз алдына мәдениеттің универсалды принциптері мен мәнді негіздерін
ашу міндетін қоймайды. Оның мақсаты – нақты бір тарихи кезең туралы
адамның әлемді тұтас қабылдауын анықтайтын мәдени универсумды
реконструкциялау немесе қайта құру. Мәдениеттану гуманитарлық пәндер
қатарынан болғандықтан ол философиялық, тарихи, антропологиялық,
этнографиялық, әлеуметтік және т.б. мәдени зерттеулерді, яғни табиғатты және
ӛз-ӛзін аялау басты мазмұн болатын адамның ӛмірлік іс-әрекеттерінің арнайы
мүмкіндіктерін синтездейді. Мәдениетке жету мүмкіндіктері, тіршілік ету мен
дамудың заңдылықтары, мән туралы ілімдер жүйесі де мәдениеттану аймағы
бола алады. Мәдениеттанудың қалыптасуы мәдениеттануға кіріспе,
мәдениеттердің шығу тегі туралы ілім, культурософия, әлеуметтану пәндері
сынды интеграция жолымен алға жылжыды. Мәдениеттану рухани құбылыс
ретінде философия, тарих, этика, эстетика, құқық теориясы және т.б.
байланысты болса, материалдық ӛмір құбылысы ретінде антропология,
этнография, әлеуметтану, қоғамдық психология, этнопсихология, демография,
фрейдизм, семиотика жатады. Мәдениеттану мәдениеттің мета тілі ретінде
адамдық қарым-қатынас мәдениеті мен материалды және рухани мәдениеттің
ӛзара байланыстығының бірлігінде қарастырады. Философия алғаш пайда
болған сәттен-ақ мәдениет таным құралына айналды, дегенмен мәдениеттану
гуманитарлық ілімнің арнайы аймағы ретінде жаңа уақытқа жатады. Ол Дж.
Вико, И.Г.Гердер, және Гегель тарихының философиялық концепцияларына
сүйенді. Мәдениеттану негізінің қалануы мен дамуына үлкен ықпал еткен
В.Дильтей, Г.Риккерт, Э.Кассирер және О.Шпенглер болатын. Аталған
ғалымдар еңбектерінен соң мәдениеттануға деген қоғамдық қызығушылық
еселене түсті. ХХ ғ. мәдениеттанудың концепциялары мен негізгі идеялары
З.Фрейд, К.Г. Юнг, Э.Фромм, М.Вебер, А.Тойнби, К.Ясперс, М.Хайдеггер, Ж.-
П.Сартр, Х.Ортега-и-Гассет, К.Леви-Сторос, Л.А.Уайт және т.б. есімдермен
тығыз байланысты.
Американдық антрополог, неоэволюционизм кӛшбасшыларының бірі
Лесли Элвин Уайт алғаш рет мәдениеттануды ӛз алдына жеке ғылым етіп
құруды ұсынды және ӛзі бастап бұл терминнің америкада қолданылуына
жетекшілік етті. Уайт бойынша мәдениеттанудың міндеті психология
байланысынан тыс таза ӛзінен шығатын мәдениетке деген түсінік беру. Ол
бостандық пен еріктің тірішілік етуін теріске шығарып, адамның жүріс-тұрысы
қатаң бақылауда деп болжады. Мәденеиет тұлғаға тікелей әсер ететін ӛте
мықты фактор. Уайт мәдениет феномені қалыптасуындағы белгілер рӛліне
ерекше кӛңіл бӛледі. Себебі мәдениет тамыры адамның ӛз еркімен заттарға
мән-мағына бере алу қабілетінен тұрады. Ал бұл қабілет адамды жануарлар
әлемінен
ажыратып
ерекшелендіріп
тұрады.
Уайт
ғылыми
білім
эволюциясының ерекше концепциясын ұсынды, онда әлемді тану объекттілерді
зерттеуден басталады да ақырындап мәдениеттануды зерттеу жағына қарай
араласып кетеді.
Мәдениеттанулық ғылымдар мәдениет феноменін оның құндылықтық-
мәндік, нормативті-реттеуші және белгілік-коммуникативтік сипаттары
жиынтығында түсінідіреді, әрі жіктейді. Оларды үш тарапқа топтастырса
болады: гуманитарлық-мәдениеттанулық, әлеуметтік-мәденитанулық, қосымша
мәдениеттанулық. Мәдениеттің адамзат тәжірибесін сақтау және жеткізуден
құралатын қоғам ӛміріндегі маңызды рӛлін ескере отырып, оның бірнеше
қызметтерін атап ӛтуге болады: ғылыми-танымдық, білім беру, тәрбиелік,
құндылықтық, тәжірибелік, интегративтік, реттеуші т.б. негізгі және қосымша
қызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: |