айқындалады: ілімдер, дағдылар, нормалар мен идеалдар, іс-әрекеттер мен
жүріс-тұрыстар үлгілері, идеялар мен гипотезалар, сенімдер, әлеуметтік
мақсаттар мен құндылықтық бағдарлар және т.б.
Әдепкідегі латтының жерді
ӛңдеу сӛзі дене бітімді жанды-рухани күшті дәріптеу, жағдайды жақсарту,
адамның ыңғайы мен қабілеті және оның дамуы дәрежесіне айналды.
Осылайша дене тәрбиесі, жан мәдениеті мен рухани мәдениет бір-бірінен
ерекшеленіп, сонау Цицеронның (б.э.д. 106-43) философияны рух мәдениетіне
теңеуімен ӛз жалғасын тапты.
Шығыстық нұсқаулар бойынша, арабтың
«тамаддун» сӛзі ӛркениет деген
мағынаны білдіреді, оның тамыры
«мадина» немесе
«мадине» қала яғни,
қалалық болу, қалада жиналу деген сӛзден тараған.
Қазақтың «мәдениет»
сӛзінің түп-тӛркіні де дәл осы арабтың
«маданият» сӛзінен қалыптасқан. Тағы
бір дәлел әл-Фарабидің қайрымды қала, адасқандар қаласы, надан қала, игілікке
бағытталған қала туралы әлеуметтік-саяси, этикалық кӛзқарасы.
Қала дегеніміз
- кӛп адамның бір жерде шоғырланып ӛмір сүруі, демек олар жалпыға бірдей
белгілі бір ережелер мен ӛмір сүру тәртіптеріне кӛндікпесе, бірігіп ӛмір сүру
мағынасы жойылады. Бірігіп ӛмір сүру адамдарды мәдениетке, бірін-бірі
тыңдауға, бір-бірінің қалауын сыйлауға және ӛз кӛзқарастарын біріктіріп,
барлығына ортақ қарапайым этикалық нормалардың дүниеге келуіне себепші
болады.
Қалалық мәдениет ХІ-ХІІ ғасырларда
Францияда пайда болған
мәдениет. Бұл жағдай тұтас батыс ӛркениетінің қалыптасуында үлкен рӛлге ие
болды. Қалалық мәдениет мәні адам болмысының барлық аймақтарындағы
жоғарғы манаптық элементтердің үнемі күшейіп отыруында. Сонымен қатар,
кӛп адамдардың бірігіп ӛмір сүруі адамдар арасында ыңғайлылықты, уақыт
үнемділігі, тұрмыс қолайлығы сынды қарапайым ӛмір элементтерінен
туындаған кӛп қабатты зәулім үйлер мен ғимараттар, жолдар, кӛпірлер,
сарайлар,
мектептер, кітапханалар, мешіттер, сауда үйлері, мұз айдындары,
стадиондар, алып жобалар, техника жетістіктерінің барлық түрлері және т.т.
барлығын материалдық жетістіктерге біріктіріп қалалық мәдениеттің бір
кӛрсеткіші ретінде тануға болады. Демек мәдениет кең мағынада табиғат
құбылыстарынан бӛлек адамзат жасаған дүниенің барлығы.
Бұл тарихи даму
деңгейіндегі адамзат қол жеткізген материалдық және рухани құндылықтар
жиынтығы, ал мәдени процесс адам қажеттілігін ӛтейтін заттар мен құралдар,
еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері мен мүмкіндіктерін ӛзіне енгізеді.
Осылайша мәдениетті игеру дегеніміз еңбек ету үшін білім мен ісмерлікті, кез-
келген қоғамның ӛмір сүруін құрастыратын басты іс әрекет болып табылатын
қатынас пен танымды, сонымен бірге, гуманды дүниегекӛзқарасты
қалыптастыру мен инттелектуалды дамуды негіздеу.
Мәденеит субьектісі - адам: ол ӛз
қолымен жасаған мәдени
құндылықтарды құрастырады, сақтайды және таратады. Мәдениет тұлғаның
шығармашылық күші мен қабілетін дамытады. Мәдениет мәнінің
философиялық ӛзегі жалпыадамзаттық құндылықтардың интеллектуалды,
этикалық және эстетикалық сфераларындағы, яғни ақиқатқа, қайрымдылық пен
сұлулыққа қызмет ету жан-жақты ӛлшемде таразыланып, олардың мәдениетті
түрде таралуы кең мағынада гуманизм бола алады. Осылайша мәдениет
мынандай
қызметтер атқарады: адами-шығармашылықты - гуманистикалық;
ақпараттық, танымдық –
гносеологиялық; коммуникативті, реттеуші –
нормативтік; бағалаушы – аксиологиялық; сигнификативті – таңбалық;
праксиологиялық - әрекеттік. Мәдениет дамуы мен қызмет етуінің негізгі
заңдылықтарына
сабақтастық,
мәдени
дәстүрлерді
жалғастырудағы
тұрақтылық,
ӛзіндік
болмыстығы
мен
ерекшелігі,
ұлттық
және
жалпыадамзаттық бірлік жатады
(Кононенко Б.И., Културология в терминах, понятиях,
именах. Справочное учебное пособие: М.: «Щит-М», 1999. – 125 б.)
.
Достарыңызбен бөлісу: