ДенсаулықТЫҢ Қадір-қасиеті


Үшінші: Салауатты өмір салтын ұстану



бет5/7
Дата08.11.2022
өлшемі32,98 Kb.
#48399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19.08.2022. Жұма уағызы. Денсаулықтың қадірі

Үшінші: Салауатты өмір салтын ұстану
Салауатты өмір салты дегеніміз – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Салауатты өмір салтын ұстануда әртүрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтырып, спортпен айналысудың маңызы зор. Себебі, шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпалы ауруларға қарсылығын жоғарлатады. Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі.
Шейх Али әт-Тантауи спорт туралы ойын былай жеткізеді: « Уа, жастар! Дене шынығумен айналысуларың қажет. Өйткені, ол – қуат. Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман қуаты ер жігіттің көркемдігі. Спорт нәпсінің құлдығынан сақтайтын ең жақсы жол. Спорт – Алланың қойған парыздары мен білім үйренуден кейінгі ең абзал әрекет. Егер спорт харам нәрселермен байланыспаған болса, ол жастарға ең жарасымды уақыт өткізу шарасы болып табылады».
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақ ату, атқа міну, суға жүзу секілді кейбір спорт түрлерімен айналысуды насихат еткен хадистер де бар. Сондай хадистердің бірінде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
كُلُّ مَا يَلْهُو بِهِ الرَّجُلُ المُسْلِمُ بَاطِلٌ, إِلا رَمْيَهُ بِقَوْسِهِ, وَتَأْدِيبَهُ فَرَسَهُ, وَمُلاعَبَتَهُ أَهْلَهُ, فَإِنَّهُنَّ مِنْ الْحَقِّ
«Мұсылман адам үшін үш нәрседен басқамен көңіл көтерудің барлығы жалған: садағын атуы, атын үйретуі, әйелімен ойнауы. Расында, олардың да хақы бар», – деген (имам Тирмизи).
Күреспен шұғылдану да ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде келген спорт түрлерінен. Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Абидин (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Күрес бидғатқа жатпайды, өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әл-Асуад әл-Жумаһи және Руканамен күрескен. Ол кезде, Рукана: «егер Пайғамбар жеңсе, Рукана Исламды қабылдайды» деп Алла Елшісіне шарт қойған. Сонда Алланың Пайғамбары оны үш рет қатарынан жерге жыққан», – деп жазған.
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін көрген саңлақ сахабалар да әрдайым тән саулығына мән беріп, ұрпағына да салауатты өмір салтын ұстануды үйретіп, насихатын айтқан. Мысалы, хазіреті Омар (Алла оған разы болсын):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет