Денсаулықты нығайту


«Денсаулықты нығайту жолдары»



бет4/7
Дата14.09.2023
өлшемі22,93 Kb.
#107454
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Денсаулықты-нығайту-Дәріс

«Денсаулықты нығайту жолдары»
1. А)Білімділік:Адамдарға денсаулық,салауаттану,салауатты өмір салты ұғымдары туралы жалпы түсінік беріп,негізгі гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
2. Б)Дамытушылық:Балалардыңденсаулықты сақтау,аурудың алдын алудың алғашқы қадамдары мен денсаулықты нығайту туралы ой-өрісін дамыту.
3. В)Тәрбиелілік:Түрлі жаттығулар орындата отырып,балаларды біріктіріп,өзара сенім жағдайын құруға,ойын арқылы әр түрлі ережелерді есте сақтауға тәрбиелеу.
4. Құрал- жабдықтар:Слайдпен суреттер,жіптер,кубиктар.
Мір сапасы
Өмір сапасымен сондай-ақ, еркіндік, адам құқықтары, және бақыт сияқты ұғым -дар жиі байланыстырылады. Өмір сапасы проблемасына бірнеше еңбегін арнаған Ресей ғалымы А.И. Суббето, өмір сапасын өмірдің рухани, материал дық әлеуметтік-мәдени, экологиялық және демографиялық құрамдауыштары сапаларының жүйесі ретінде анықтайды. Өмір сапасы– ол арқылы өркениеттер -дің, мемлекеттердің, этностардың, адамзат пен адамның тұрмыс мәні әлеумет -тік және экономикалық саясаттың нысаналы функциялары көрсетілетін негізгі санаттардың бірі. Өмір сапасы өмірдің материалдық және рухани-шығармашы -лық жақтарының, адамның тектік күшін іске асыру деңгейінің, оның интеллек -ті, өмірдің шығармашылық мәнінің синтезін білдіреді. Өмір сапасы жеке адам -ның, отбасының, халықтың және жалпы адамзат қоғамының рухани, зияткерлік, материалдық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, экологиялық және демогр -афиялық құрамдауыштарының бірлігінің күрделі және қарама-қайшы жүйесі болып табылады. Ресей экономисі Н.М Римашевская өмір сапасының ең алды -мен, адамның қоғамдық өмірі субъектісінің өзінің жай-күйін сипаттайтынын анықтайды. Бірқатар авторлар «әл-ауқаты» және «өмір сапасы» ұғымдарын тең -естіреді. Осылайша, барлық аталған зерттеушілер өмір сапасы – бұл «өмірлік маңызды құндылықтар қатарының жиынтығы деген тұжырымға келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өмір сапасын «жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі» ретінде анықтайды. Адамның жеке денсаулығына, психологиялық жағдайына, жеке нанымдарына, әлеуметтік қатынастарына және олардың қоршаған ортаның тән ерекшеліктері бар өзара байланыстарына байланысты тұжырымдаманың бұл кең ауқымы.
Ұйым мынадай негізгі салаларды қамтитын өмір сапасын бағалау үшін халықаралық кросс-мәдени салыстыру құралын әзірледі:
- тән саулығы;

- психологиялық денсаулық;

- тәуелсіздік деңгейі;

- әлеуметтік қатынастар;

- қоршаған орта;

- руханият / дін/ жеке нанымдар.

Өмір сапасының мәнін әлеуметтік-экономикалық санат ретінде сипаттай отырып, оның мынадай бірқатар ерекшеліктерін атап өту қажет:
Біріншіден, өмір сапасы айтарлықтай кең, көпқырлы, «өмір сүру деңгейіне» қарағаныда салыстыруға келмейтін кең ауқымды ұғым. Бұл санат экономика шеңберінен едәуір алшақ шығады. Бұл ең алдымен қоғамның барлық салаларын қамтитын әлеуметтік санат, өйткені олар адамдардың өмірін және оның сапасынқамтиды. 
Екіншіден, өмір сапасының екі қыры бар: объективтік және субъективтік. Өмір сапасын объективтік бағалау өлшемі индивидуумдар қажеттіліктерінің ғылыми негізделген нормативтері болады, оларға қатысты бұл қажеттіліктерді және мүдделерді қанағаттандыру дәрежесі туралы талқылауға болады. Алайда, екінші жағынан, адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері жеке және оларды қанағаттандыру дәрежесін тек қана олардың өздері бағалай алады. Оларды қандай да болмасын статистикалық шамалармен тіркеуге болмайды және олар іс жүзінде тек қана адамдардың санасында және тиісінше олардың жеке пікірлерінде және бағалауларында бар.Осылайша ,өмір сапасын бағалау екі нысанкөрінеді:
- ғылыми-негізделген қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру дәрежесі;
-адамдардың өздерінің өмір сапасымен қанағаттандырылуы.
Үшіншіден, өмір сапасы басқа да әлеуметтік-экономикалық санаттардан бөлінген санат болып табылмайды, бірақ олардың көпшілігін біріктіреді оларды сапалық аспектіде қамтиды.
ҚР Президентінің Республикада денсаулық сақтау саласын дамыту және халықтың денсаулығын нығайту үшін 2010 жылы 29 қарашада №1113 нөмірлі жарлығымен 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет